Әбілқайыр Баймолдин (1909, Павлодар облысы Аққулы ауданы Тақыр ауылы — 4 қаңтар 1944, Невель) — әскери қайраткер, подполковник (1944).
Өмірбаяны
- Жоғары офицерлік атты әскер мектебін
- Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітірген.
- Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты.
- 1941 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Чкалов қаласында (қазіргі Орынбор) полк командирінің міндетін уақытша атқарды, ал 1942 жылдың 5 мамырынан бастап полк комиссары болды. Невель қаласын азат етуге қатысып, оның бірінші әскери коменданты болып бекітілді.
Марапаттары
- Екі рет Қызыл Ту
- Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
Есте сақтау
- Невель қаласындағы бір көшеге
- Тақыр аулындағы мектепке
- бұрынғы “Восточный” кеңшарына оның есімі берілген.
Санаттар:
- 1909 жылы туғандар
- Аққулы ауданында туғандар
- 4 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1944 жылы қайтыс болғандар
- Невельде қайтыс болғандар
- КСРО полковниктері
- Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар
- Қызыл Ту орденінің иегерлері
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері