| Әбілқайыр хандығы Хандық | ||||
| ||||
|---|---|---|---|---|
| Астанасы | Тұра (1428—1430), Орба-Тұра (1430—1446), Сығанақ (1446—1468) | |||
| Ірі қалалары | Сузақ, Аққорған, Иасы, Өзгент | |||
| Тіл(дер)і | қыпшақ-түркі тілдері | |||
| Діні | Ислам (сүнниттік) | |||
| Аумағы | Батыс Сібірден Сырдарияға дейін, Ұлытаудан Жайыққа дейін | |||
| Халқы | Қыпшақтар, қоңыраттар, қарлұқтар, үйсіндер, наймандар, маңғыттар және т.б. (көшпелі өзбектер, яки қазақтар) | |||
| Басқару формасы | Монархия (Хандық) | |||
| Династиясы | Шайбанилер (Жошы хан тармағы) | |||
| Хан | ||||
| - 1428 — 1468 | Әбілқайыр хан | |||
| Тарихы | ||||
| - 1428 | Әбілқайырдың хан сайлануы | |||
| - 1446 | Сығанақты басып алу және астана ету | |||
| - 1459 | Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшуі | |||
| - 1468 | Әбілқайырдың қайтыс болуы, хандықтың құлауы | |||
Әбілқайыр хандығы немесе Шибанид хандығы — XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған. Сонымен қатар тарихнамада Көшпелі өзбектер хандығы деген қате атау да қолданылып келді.
Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.
Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Шыңғы-Тұра өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.
1431 жылы Екіретүп түбінде ірі шайқас болды. Шайқаста Әбілқайыр ханның қарсыластары күйрей жеңілді. Әбілхайыр хан қарсыластарын ығыстырып, Оңтүстік Қазақстан аймағына қарай жорықтарын жалғастырды.
Оның хандығының құрамына Қияттар, Маңғыттар, Шынбай, Наймандар, Қарлұқтар, Үйсіндер т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.
1446 жылы оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Өзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.
1450 жж. Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқараға жорық жасайды.
1456—1457 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.
- Қазақстан тарихы
- Қазақ мемлекеті
- Өзбекстан тарихындағы мемлекеттер
- Хандықтар
- Алтын Орда
- Қазақстан тарихындағы мемлекеттер