Рымбек Жүнісов (1941 жылы туған) — агроном. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1967). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Әлтеке бұтағынан шыққан.
Еңбек жолын 1961 жылы қазіргі Ақтоғай ауданы 22-съезд атындағы кеңшардың бас агрономы болып бастаған. Одан кейін «Қоңырат» кеңшарында бас агроном, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, «Қызыл-арай» кеңшарында директор, аудандық кеңес атқару комитегі төрағасының 1-орынбасары болып қызмет атқарған.
1985 жылдан Ақтоғай аудандық, партия комитетінің 2-хатшысы, 1987 жылдан 1-хатшысы болды. 1990 жылы ҚазКСР халық депутаты болып сайланған.
- Қазақстан агрономдары
- Ақтоғай ауданында (Қарағанды облысы) туғандар