
Әлеуметтік камсыздандыру — әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы.
Әлеуметтік камсыздандыру объектілері: жасы ұлғайған азаматтар; еңбекке жарамды жаста ауырған адамдар соның ішінде еңбек ету қабілетінен айрылған мүгедектер; жартыкеш және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар; жетімдер; еңбекке жарамсыз, біреудің күтіміне мүқтаж жалғыз іліктілер; күнелтуге қажетті ең аз мөлшердегі табысы жоқ кедей жұртшылық; дүлей және әлеуметтік апаттардан зардап шеккен азаматтар, т.б.
Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру бірнеше топтарға бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмек (әлеуметтік қолдау). Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер (азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары, тегін асханалар, жәрдем қаражат алған арзан тауарлар дүкендері, дәрі-дәрмек, протездер беру, т.б. түрінде), тегін жеңілдікті қызметтер көрсету (үйге барып қызмет көрсету, интернат үйлер, уақытша баспаналар, арнаулы көлік, жол жүру шегерімдері, телефон, тұрғын үй, психологиялық және заңды кеңестер беру, санаторийлік-курорттық емдеулер түрінде), т.б. нормалары болады.
- Әлеуметтік қорғау
- Жалпыхалықтық бақуатты мемлекет