| Әнуар Боранбаев | |
Боранбаев "Ақырғы аманат" фильмінде (1981 жыл) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 1 наурыз 1948 |
| Туған жері | |
| Қайтыс болған күні | 14 желтоқсан 1999 (51 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1974 - 1991 |
| Бағыты | драма, мелодрама, комедия, көркем фильм |
Боранбаев Әнуар (1 наурыз 1948, Қостанай облысы, Амангелді ауданы — 14 желтоқсан 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1998).
Өмірбаяны
Алматы консерваториясын бітірген (1970).
Ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болды.
"Актер үшін қашан да рөл жасау, рөл дауысы шықса, одан артық қуаныш жоқ" деген сөздер Әнуар Боранбаевтың көрермендеріне арналған алғыс сөздер.
Аңғарымпаз, ойы жүйрік, өресі кең, тілге шешен, үні әсем, еңбекке икемді. Қоғамдық жұмыстарға да өз үлесін қосқан актерлердің бірі болған.
Қазақ газетіндегі сұхбатының соңын: «Құрметтерін білдірген азаматтарға, өнеріме көрсеткен ықыластары үшін үлкен ризашылығымды айтқым келеді» деген ілтипат сөздермен аяқтаған.
Театрдағы және фильмдегі рөлдері
Алғашқы ойнаған рөлдері — М.Әуезовтің “Түнгі сарынындағы” мұғалім Сапа мен Ә.Әбішевтің “Белгісіз батырындағы” Жандос. Боранбаевтың актерлік шеберлігінің қалыптасуына М.Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері ерекше ықпал етті. Олардың ішінде “Қарагөздегі” Сырым, “Айман — Шолпандағы” Арыстан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Бірсімбай, “Еңлік — Кебектегі” Кембай, ұлы жазушы аударған У. Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Люченцио рөлдері — актердің үлкен шығармашылық жемісі. Сондай-ақ, Еламан (Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде”), Жәкен (Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде”), Момын шал (Ш. Айтматовтың “Ақ кемесінде”), Бөгембай (Т. Ахтановтың “Антында”), Майсалбек (Айтматовтың “Ана — Жер-Анасында”), Тергеуші (Әуезовтің “Қилы заманында”), Полковник (С. Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Незнамов (А.Н. Островскийдің “Жазықсыз айыптыларында”), т.б. бейнелері — актердің сахналық табыстары болып табылады.
Боранбаев кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады. Мысалы, Тастан (“Гауһартаста”), Қойшы (“Біздің үй көгілдір таулар ортасында”), Рысқұлов (“Түрксібте”), т.б.
Фильмографиясы
- 1974 - Қанатсыз фронт - Бейсембаев
- 1975 - Дала гүрсілі - Таңатаров
- 1975 - Гауһартас - Тастан
- 1977 - Тел өскен ұл - Көкеш
- 1977 - Фронт шебінің арғы жағындағы фронт - Бейсембаев
- 1980 - Мінезі қиын балалар - Сағымбеков
- 1981 - Ақырғы аманат - Қасымов
- 1981 - Жаудың тылындағы фронт - Бейсембаев
- 1982 - Мен сіздің туысыңызбын - Ораз Рахметов
- 1985 - Біздің үй көгілдір таулар ортасында - қойшы
- 1986 - Сену және білу - Асан
- 1986 - Түрксіб - Рысқұлов
- 1990 - Созақтан шыққан Гамлет әлде Мамайя Кэро - эпизод
- 1991 - Жансебіл - эпизод
- 1 наурызда туғандар
- 1948 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Амангелді ауданында туғандар
- 14 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1999 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан халық әртістері
