Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Actor Awards» (ағылш. The Actor Awards), бұрынғы атауы — Киноактерлер гильдиясының сыйлығы (ағылш. Screen Actors Guild Awards, SAG Awards) — Киноактерлер гильд

Actor Awards

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Actor Awards
The Actor Awards presented by SAG-AFTRA

Фрэнсис Макдорманд Actor Awards сыйлығымен (2015)
Жалпы мәліметтер
Мемлекет

 АҚШ

Марапат не үшін

Кино және телевизиядағы үздік актерлік жұмыстар үшін

Құрылтайшы

SAG-AFTRA

Негізі қаланды

1995

Марапаттау саны

16 номинация (13 негізгі + 3 арнайы)

Ресми сайт

Ресми сайт

«Actor Awards» (ағылш. The Actor Awards), бұрынғы атауы — Киноактерлер гильдиясының сыйлығы (ағылш. Screen Actors Guild Awards, SAG Awards) — Киноактерлер гильдиясы мен Америка телевизия және радио артистерінің федерациясы (ағылш. SAG-AFTRA) тарапынан берілетін марапат. Сыйлық 1995 жылы кино мен прайм-тайм телевизиясындағы үздік актерлік шеберлікті марапаттау мақсатында тағайындалған.

Actor Awards — киноиндустриядағы ең беделді марапаттардың бірі. Бұл сыйлық «Алтын глобус» марапатымен қатар, алдағы «Оскар» салтанатының басты бағдарларының бірі болып саналады.

Сыйлықтар жекелеген актерлік шеберлікті де, сондай-ақ драмалық және комедиялық сериалдар мен көркем фильмдердің бүкіл актерлік құрамын (ансамблін) да ерекше атап өтеді.

Сыйлыққа номинанттарды кәсіподақтың екі комитеті (кино және телевизия бойынша) анықтайды. Әр комитет құрамына жыл сайын кездейсоқ таңдалатын 2100 мүше кіреді, ал жеңімпаздарды гильдияның барлық мүшелері (2012 жылғы мәлімет бойынша 165 000 адам) дауыс беру арқылы таңдайды.

2025 жылдың қарашасында марапат атауы «Actor Awards» болып өзгертілді. 2026 жылғы жағдай бойынша, «Ғашық Шекспир» мен «Шайқас артынан шайқас» фильмдері барлық тиісті санаттарда номинация алған жалғыз туындылар болып саналады, ал «Бәрі бір уақытта, барлық жерде» фильмі — төрт бірдей марапатты, соның ішінде ең үздік актерлік құрам сыйлығын жеңіп алған жалғыз фильм.

Жеңімпаздарға табысталатын, қолына комедия мен трагедия маскаларын ұстаған ер адам бейнесіндегі мүсінше ресми түрде «Актер» (The Actor) деп аталады.

Санаттар

Кино

  • Көркем фильмдегі үздік актерлік құрам (ағыл.)
  • Басты рөлдегі үздік актер (ағыл.)
  • Басты рөлдегі үздік актриса (ағыл.)
  • Көмекші рөлдегі үздік актер (ағыл.)
  • Көмекші рөлдегі үздік актриса (ағыл.)
  • Көркем фильмдегі үздік каскадерлер ансамблі (ағыл.)

Телевизия

  • Драмалық сериалдағы үздік актерлік құрам (ағыл.)
  • Комедиялық сериалдағы үздік актерлік құрам (ағыл.)
  • Драмалық сериалдағы үздік актер (ағыл.)
  • Драмалық сериалдағы үздік актриса (ағыл.)
  • Комедиялық сериалдағы үздік актер (ағыл.)
  • Комедиялық сериалдағы үздік актриса (ағыл.)
  • Телефильмде немесе шағын сериалдағы үздік актер (ағыл.)
  • Телефильмде немесе шағын сериалдағы үздік актриса (ағыл.)
  • Телесериалдағы үздік каскадерлер ансамблі (ағыл.)

Арнайы марапат

  • Шығармашылық жетістіктері үшін сыйлық (ағыл.)
Жоғары