Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Air Jazz (64) Lufthansa CityLine (32) UTair (15) РусЛайн (15) Ак Барс Аэро (13) Ямал (7) ИрАэро (6) Северсталь-авиа (3)

Bombardier CRJ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Bombardier CRJ
Түрі

жолаушы ұшағы

Өндірушісі

Bombardier

Мемлекеті

 Канада

Алғашқы ұшуы

10 мамыр 1991

Қолданысқа енгізілуі

1991

Негізгі эксплуатанттары

Comair (81)

Басқа эксплуатанттары

Air Jazz (64) Lufthansa CityLine (32) UTair (15) РусЛайн (15) Ак Барс Аэро (13) Ямал (7) ИрАэро (6) Северсталь-авиа (3)

Өндіріс жылдары

1991 —

Өндірілген бірліктері

1668

Bombardier CRJ Ортаққорда

Bombardier Canadair Regional Jet (CRJ) — аймақтық қысқа-фюзеляжды реактивті ұшақтар түрі. Бұл ұшақ алғашқы ұшуын 1991 жылдың 10 мамырында орындады. CRJ-100 50 орындық ұшақтардың ішіндегі заманауи деңгейдегі ұшақ болды. Жылдамдығы бойынша бұл ұшақты классы үлкенірек ұшақтармен салыстыруға болады, ал үнемділігі өз классына сай келеді. Бұл ұшақ моделінің тағы бір ерекшелігі — Уиткомбтың шайбалары (қанаттың ұштары). Бұл ұшақтардың түрі ұшу ұзақтығы мен фюзеляждың ұзындығына қарай бірнеше модификациядан тұрады.

Модификациялары

CRJ 100

Толық мақаласы: Bombardier CRJ 100

CRJ-100 50 орындық ұшақтар арасындағы заманауи деңгейге жеткен алғашқы ұшақ. CRJ ұшақтар отбасысының ең қысқа өкілі. General Electric CF-34A1 қозғалтқышымен жабдықталған.

CRJ 200

Толық мақаласы: Bombardier CRJ 200

Табысты CRJ-100 моделі 1995 жылы CRJ-200 болып жаңартылды - ұшаққа жаңа, үнемді әрі қуатты General Electric CF-34B1 қозғалтқыштары орнатылды. CRJ-200 ұшақтары жақсартылған сипаттамаларға ие: бұл түр түрлі қиын метеорологиялық жағдайларда және биіктаулы аэродромдардан ұшуға қабілетті. Ыңғайлы былғары креслолармен жабдықталған бесорынды жайлы салон, инженерлік-техникалық шешімдер арқасында, эконом немесе бизнес/эконом класстарға оңай қайта жабдықталына алады.

CRJ 440

2001 жылы шілдеде Bombardier өзінің Bombardier CRJ200 ұшағының 44 орынды нұсқасын жасайтындығын хабарлады. Бұл нұсқаға Bombardier CRJ440 атауы берілді. Ұшақтың осы нұсқасына алғашқы болып Northwest Airlines әуе компаниясы тапсырыс берді.

CRJ 700

CRJ 705

CRJ 900

CRJ 1000

Challenger 800

Bombardier CRJ ұшақ түрінің сипаттамалары

CRJ100/200 CRJ700 CRJ900 CRJ1000
Экипажы2 пилот
Жолаушылар саны507088100
Ұзындығы, м26,7732,5136,239,13
Қанат ұзындығы, м21,2223,2424,8526,18
Биіктігі, м6,227,577,517,13
Фюзеляж диаметрі, м2,9
Бос ұшақтың салмағы, т13,719,721,423,2
Ұшқандағы ең үлкен салмақ, т23-24353841
Қозғалтқыш2× ТРДҚ (орыс.)қазақ. GE CF34-3A1 (CRJ-100) GE CF34-3B1 (CRJ-200)2× ТРДҚ (орыс.)қазақ. GE CF34-8C5
Ең үлкен жылдамдығы, км/сағ860875882870
Крейсерлік жылдамдығы, км/сағ786
Ұшу қашықтығы, км2000 3017(ER) 2700 3713(LR)2700 3300(ER) 3800(LR)2400 2900(ER) 3300(LR)2800 3100(ER)
Ең үлкен ұшу биіктігі, м12 500

Тапсырыстар мен жасалған үлгілер

Модель Тапсырыс Жасалды Орындалмаған тапсырыстар
CRJ1002262260
CRJ2007097090
CRJ44086860
CRJ7003243168
CRJ70516160
CRJ90027425915
CRJ1000672344
Challenger 80033330
Қорытынды1735166867

Дереккөз: Program Status Report - CRJ Series aircraft on SEPTEMBER 30, 2012

Апаттар мен авариялар

Тағы қараңыз

  • Bombardier
  • Embraer 190
  • Airbus A318
Жоғары