Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Йазид ибн әл-Уәлид ибн Абд әл-Мәлік (араб.: يزيد ابن الوليد ابن عبد الملك‎) немесе III Йазид (701 — 4 қазан 744) — Умәйя әулетінен шыққан халиф. 744 жылдың сәуі

III Йазид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Йазид ибн әл-Уәлид ибн Абд әл-Мәлік
араб.: يزيد ابن الوليد ابن عبد الملك
III Йазид
Лауазымы
Мүміндер әмірі және Умәйядтар халифатының 12-ші халифі
17 сәуір 744  3/4 қазан 744
Ізашары II Уәлид
Ізбасары Ибраһим ибн әл-Уәлид
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 701 (0701)
Қайтыс болуы 4 қазан 744 (0744-10-04)
Династия Умәйя әулеті
Әкесі I Уәлид
Йазид ибн әл-Уәлид ибн Абд әл-Мәлік Ортаққорда

Йазид ибн әл-Уәлид ибн Абд әл-Мәлік (араб.: يزيد ابن الوليد ابن عبد الملك) немесе III Йазид (701 — 4 қазан 744) — Умәйя әулетінен шыққан халиф. 744 жылдың сәуір және қазан айлары аралығында билік құрған.

Өмірбаяны

Йазидтің анасы – халифа I Уәлидке күң ретінде сатылған парсы князінің қызы болған. Йазидтің өзі: «Менің Хұсрау, Хакан, Қайсар және Маруан сияқты төрт патшаның ұрпағымын» деп айтады.. Араб тарихшысы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари ұзын бойлы және кербез болған деп сипаттайды..

III Йазид тұсында кейбір халифат провинцияларында бірінеше наразылық толқулар болды. Бұдан бөлек әулет ішінде жікке бөліну орын алды. Хомса тұрғындары бүлік шығарып, өлтірілген әл-Уәлид ибн Йазид үшін кек алу мақсатында оның ұлы Хакам ибн әл-Уәлидті халиф етіп жариялайды. Бүлікшілер провинция наменгерін өлітіріп, Әбу Мұхаммед әс-Суфйанның басшылығымен Дамаск қаласына кіріп келеді. Жасақ Сүлеймен ибн Хишам мен Абд әл-Ғазиз ибн әл-Уәлидтің тарапынан талқандалып, әс Суфйян тұтқынға алынады.Көтерілістер сонымен қатар Палестина, Армения және Атропатена жерлерінде де бой көтерді.

Әдебиет

  • Езид // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.)  СПб., 1890—1907.
  • А. Әли-заде. Ибраһим ибн әл-Уәлид (126/744 — 127/744) 15 желтоқсанның 2013 жылы. // Мұсылман мемлекеттерінің хроникасы. М., УММА,. 2004. — 445 с., илл. ISBN 5-94824-111-4
III Йазид
Туған күні: 701 Қайтыс болған күні: 4 қазан 744
Ізашары:
II Уәлид
Ислам халифатының халифі
Умәйядтар халифаты

17 сәуір 744 — 4 қазан 744
Ізбасары:
Ибраһим ибн әл-Уәлид
Жоғары