Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мүміндер әміріЕкі киелі қаланың қызметкері"},"Суреті":{"wt":"Mehmed III.jpg"},"Атауы":{"wt":""},"Сурет ені":{"wt":""},"Елтаңба":{"wt":""},"Елтаңба атауы":{"wt":

III Мехмет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

III Мехмет
осман. محمد ثالث — Mehmed-i sâlis
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
III Мехмет
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 13-ші сұлтаны
Ислам халифатының 78-ші халифі
27 қаңтар 1595  21 желтоқсан 1603
(Лақап аты Әділ III Мехмет)
Ізашары III Мұрат
Ізбасары I Ахмет
Мұрагері Сәлім шаһзада (27 қаңтар 1595 — 20 сәуір 1597)
Махмұт шаһзада (20 сәуір 1597 — 7 маусым 1603)
Ахмет шаһзада (7 маусым 1603 — 21 желтоқсан 1603)
Ту
Ту
Маниса санжақбейі
1583  27 қаңтар 1595
Монарх III Мұрат
Ізашары Мұрат шаһзада
Өмірбаяны
Мамандығы Ақын, қолбасшы
Діні Ислам
Дүниеге келуі 26 мамыр 1566 (1566-05-26)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 21 желтоқсан 1603 (1603-12-21)(37 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді III Мехмет мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі III Мұрат
Анасы Сафие сұлтан
Жұбайы Халиме сұлтан
Хандан сұлтан
Балалары Ұлдары:
Сәлім шаһзада
Жиһангир шаһзада
Махмұт шаһзада
I Ахмет
I Мұстафа
Қыздары:
Қадиша сұлтан
Ділруба сұлтан
Есра сұлтан
Айша сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
III Мехмет Ортаққорда

III Мехмет (осман. محمد ثالث — Mehmed-i sâlis; ақындық лақап аты — Әділ (түр. Adlî); 26 мамыр 1566 — 21 желтоқсан 1603) — Османлы мемлекетінің 13-ші сұлтаны, Ислам халифатының 78-ші халифі, ақын, қолбасшы.

Бұл сұлтанның тұсында Османлы мемлекетінің нағыз ыдырауы басталды. Қазына бос қалды, билік сыбайласқан, ал әскер тәртіпсіздендірілді.

Өмірбаяны

III Мехмет 1568 жылы османлы елордасы Константинопольде дүниеге келді.

Хачова шайқасы

Таққа отырғаннан кейін өзінің 19 інісін өлім жазасына кесті. Бұл Османлы тарихындағы ең ірі бауыр өлтірушілік. Бұл өлім жазасының себебі: сұлтан өзінің інілерінің тарапынан болатын бүліктен қорықты. Және де бұл қорқыныш оның сарайдағы кафес (тор) атты павильонда шаһзадаларды ұстауына да себеп болды.

Дунайдағы аустриялықтардың әскери жетістіктеріне ыза болған жаңа шеріктер мен османлы халқы елордада наразылық шараларын ұйымдастырды. Соған байланысты 1596 жылы сұлтан Мажарстанға қарсы жорыққа аттанды. Жорық кезінде Хачова шайқасында Габсбургтардың әскерін жеңді, алайда сол жеңісін тиімді пайдалана алмай, елордадағы ойын-сауық өміріне қайтып келді.

III Мехметтің әкесі III Мұрат жаулап алған парсы жерлерінде төңкерістер орын алып, парсылар сол жерлерді қайтарып алды.

Жанұясы

III Мехмет өзінің билеген жылдарын көбінесе гаремде өткізгендіктен, күңдері өте көп болды. Ол күңдерінен көп бала тапты, алайда балалар есімдерінің көбісі сақталмаған. Тек сақталғаны осылардікі: Сәлім шаһзада, Жиһангир шаһзада, Махмұт шаһзада, I Ахмет, I Мұстафа, Қадиша сұлтан, Ділруба сұлтан, Есра сұлтан және Айша сұлтан. Сәлім шаһзада 12 жасында қызамық ауруынан қаза тапты. Махмұт шаһзада сұлтанды тақтан тайдыру айыбымен 1603 жылы өлім жазасына кесілді. Ал I Ахмет пен I Мұстафа, сәйкесінше, 14-ші және 15-ші османлы сұлтандары болды.

Күңдерінің арасынан ең танымалдары: Халиме сұлтан және Хандан сұлтан. Халиме сұлтан — Махмұт шаһзада, Дилируба сұлтан мен I Мұстафаның анасы. Ал Хандан сұлтан — I Ахметтің анасы.

Садрағзамдары

Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
57 Сардар Фархат паша 27 қаңтар 1595 — 7 шілде 1595 7 ай
58 Қожа Синан паша 7 шілде 1595 — 19 қараша 1595 3 ай
59 Текелі Лала Мехмет паша 19 қараша 1595 — 28 қараша 1595 9 күн
60 Қожа Синан паша 1 желтоқсан 1595 — 3 сәуір 1596 5 ай
61 Дамат Ибраһим паша 4 сәуір 1595 — 27 қазан 1596 6 ай
62 Жүсіп Синан паша 27 қазан 1596 — 5 желтоқсан 1596 2 ай
63 Дамат Ибраһим паша 5 желтоқсан 1596 — 3 қараша 1597 11 ай
64 Хадым Хасан паша 3 қараша 1597 — 9 сәуір 1598 5 ай
65 Жеррах Мехмет паша 9 сәуір 1598 — 6 қаңтар 1599 9 ай
66 Дамат Ибраһим паша 6 қаңтар 1599 — 10 шілде 1601 2 жыл
67 Жемісші Хасан паша 22 шілде 1601 — 3 қазан 1603 2 жыл
68 Малқош Жауыз Әли паша 3 қазан 1603 — 21 желтоқсан 1603 3 ай
Жоғары