Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мүміндер әміріЕкі киелі қаланың қызметкері"},"Суреті":{"wt":"Abdulhamid II (1842–1918).jpg"},"Атауы":{"wt":""},"Сурет ені":{"wt":""},"Елтаңба":{"wt":""},"Елтаңб

II Әбділхамит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

II Әбділхамит
осман. عبد الحميد ثانی — Abd ül-Hamîd-i sânî
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
II Әбділхамит
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 34-ші сұлтаны
Ислам халифатының 99-шы халифі
31 тамыз 1876  27 сәуір 1909
(Лақап аты Ұлы II Әбділхамит)
Ізашары V Мұрат
Ізбасары V Мехмет
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 22 қыркүйек 1842 (1842-09-22)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 10 ақпан 1918 (1918-02-10)(75 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді II Махмұт мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі I Әбділмәжит
Анасы Тірімүжган сұлтан
Жұбайы Нәзікеда қатынәпенді
Бедрифелек қатынәпенді
Сафиназ Нұрефзун қатынәпенді
Бидар қатынәпенді
Ділпесент қатынәпенді
Мезиде Местан қатынәпенді
Емсалинұр қатынәпенді
Айша Дестізер Мүшфиқа қатынәпенді
Балалары Ұлдары:
Мехмет Сәлім әпенді
Ахмет Нұри әпенді
Мехмет Әбділқадір әпенді
Мехмет Бұрханеддин әпенді
Әбдірақым Хайри әпенді
Ахмет Нұреддін әпенді
Мехмет Бадреддін әпенді
Мехмет Әбіт әпенді
Қыздары:
Рафия сұлтан
Айша сұлтан
Шадие сұлтан
Наиле сұлтан
Фатима Наиме сұлтан
Зекие сұлтан
Үлуие сұлтан
Қадиша сұлтан
Әлия сұлтан
Жәмиля сұлтан
Салиха сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
II Әбділхамит Ортаққорда

II Әбділхамит (осман. عبد الحميد ثانی — Abd ül-Hamîd-i sânî; 22 қыркүйек 1842 – 10 ақпан 1918) — түрік падишаһы, мемлекет қайраткері, саясатшы.Османлы мемлекетінің 34-ші сұлтаны, Ислам халифатының 99-шы халифі.

Өмірбаяны

II Әбділхамит 1842 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Әбділмәжит шаңырағында дүниеге келді. 93 күн билеген ағасы V Мұрат телілігіне байланысты 1876 жылдың 31 тамызында тақтан тайдырылды. Оның орнына таққа II Әбділхамит отырды.

Билеген жылдары

II Әбділхамит тұғрасы

Түркиядағы осы қапылысты сәтті өз ықпалын жүргізуге пайдаланғысы келген Ресей 1877 жылдың 24 сәуірінде Османлы мемлекетіне соғыс ашты. Бұл соғыс тарихта "93 соғысы" (түр. 93 Harbі) деген атпен әйгілі. 1878 жылдың 31 қаңтарында Сан-Стефано бітім шарты жасалды. Соғыс ауыр зардаптармен аяқталды. Алайда ол өзінің саясатының арқасында сұлтан Ұлыбританияны шартты мойындаудан бас тартқызды.Артынан Берлин бітім шарты жасалынды. II Әбділхамит енді бүкіл әкімшілік істерін өз қолына алып, сыртқы саясат мәселелеріне ерекше ден қойды. 1878 жылдың 20 мамырында Ресеймен, 4 шілдесінде Ұлыбританиямен, тамызында Германиямен, 1881 жылдың 12 мамырында Франциямен, 2 тамызында Грекиямен бітім шарттарға қол жеткізді. II Әбділхамит ішкі саясатта мемлекеттік құрылымды жетілдіруде түрікшілдік бағытын ұстанды. Сыртқы саясатта ірі мемлекеттер мен кіші мемлекеттердің өзара теңдігі қағидасын сақтай отырып, жер көлемі 10 млн км²-тан асатын Османлы мемлекетінің тұтастығын қорғай алды. II Әбділхамит 1909 жылдың 27 сәуірінде тақтан түсіп, оның орнына 33 жыл бойы санжақбей болған інісі V Мехмет таққа отырды.

Ажалы

II Әбділхамит одан кейін тағы 9 жыл өмір сүріп, 75 жасында дүниеден өтті. Мәйіті II Махмұт мазарында жерленді.

Суреттері

Садрағзамдары

Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
250 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 31 тамыз 1876 — 19 желтоқсан 1876 4 ай
251 Мидхат паша 19 желтоқсан 1876 — 5 ақпан 1877 3 ай
252 Ибраһим Атхам паша 5 ақпан 1877 — 11 қаңтар 1878 2 жыл
253 Ахмет Хамди паша 11 қаңтар 1878 — 4 ақпан 1878 1 ай
254 Ахмет Уәпік паша 4 ақпан 1878 — 18 сәуір 1878 2 ай
255 Мехмет Садық паша 18 сәуір 1878 — 28 мамыр 1878 1 ай
256 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 28 мамыр 1878 — 4 маусым 1878 7 күн
257 Мехмет Есет Савфет паша 4 маусым 1878 — 4 қазан 1878 4 ай
258 Қайыреддін паша 4 қазан 1878 — 28 шілде 1879 9 ай
259 Ахмет Әріпи паша 28 шілде 1879 — 18 қазан 1879 3 ай
260 Кіші Мехмет Сейіт паша 18 қазан 1879 — 9 маусым 1880 8 ай
261 Мехмет Қадір паша 9 маусым 1880 — 12 қыркүйек 1880 3 ай
262 Кіші Мехмет Сейіт паша 12 қыркүйек 1880 — 2 мамыр 1882 2 жыл
263 Әбдірахман Нұреддін паша 2 мамыр 1882 — 12 шілде 1882 2 ай
264 Кіші Мехмет Сейіт паша 12 шілде 1882 — 30 қараша 1882 4 ай
265 Ахмет Уәпік паша 1 желтоқсан 1882 — 3 желтоқсан 1882 2 күн
266 Кіші Мехмет Сейіт паша 3 желтоқсан 1882 — 24 қыркүйек 1885 3 жыл
267 Мехмет Кәміл паша 24 қыркүйек 1885 — 4 қыркүйек 1891 6 жыл
268 Ахмет Жеват паша 4 қыркүйек 1891 — 9 маусым 1895 4 жыл
269 Кіші Мехмет Сейіт паша 9 маусым 1895 — 3 қазан 1895 4 ай
270 Мехмет Кәміл паша 3 қазан 1895 — қараша 1895 1 ай
271 Халил Рыфат паша қараша 1895 — 9 қараша 1901 6 ай
272 Кіші Мехмет Сейіт паша 13 қараша 1901 — 15 қаңтар 1903 1 жыл
273 Мехмет Фарит паша 15 қаңтар 1903 — 22 шілде 1908 5 жыл
274 Кіші Мехмет Сейіт паша 22 шілде 1908 — 6 тамыз 1908 15 күн
275 Мехмет Кәміл паша 6 тамыз 1908 — ақпан 1909 6 ай
276 Ахмет Тәупік паша 31 наурыз 1909 — 27 сәуір 1909 1 ай

Қызықты деректер

  • II Әбділхамиттің тұсында османлы сұлтандарының ішінде ең көп садрағзамдық ауысты. Садрағзамдар 26 рет ауысты.
Жоғары