| Ерейментау қорықшасы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 35 мың га |
| Құрылған уақыты | 1986 жылы |
| Орналасуы | |
| 51°31′23″ с. е. 73°10′51″ ш. б. / 51.523126° с. е. 73.180732° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°31′23″ с. е. 73°10′51″ ш. б. / 51.523126° с. е. 73.180732° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Ерейментау ауданы |
Ерейментау қорықшасы – Ақмола облысы Ерейментау ауданында Респеспубликалық маңызы бар, 1986 жылы ұйымдастырылған қорықша. Жер аумағы 35 мың га. Қорықша табиғаты әсем таулы өлкеде, Ерейментау таулы алқабында орналасқан.
Флорасы мен Фаунасы
Қорықшада көне дәуірлерден осы уақытқа дейін сақталып қалған реликт өсімдіктердің алуан түрлері өседі. Өсімдіктердің 400-дей түрінің 50-ге жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысалы, жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі, т.б. Қорықшада негізінен жан-жануарлар дүниесі қорғалады. Арқар, елік, дала суыры, ақ қоян сияқты бағалы аңдармен қатар 150-ге жуық құстардың түрлері бар. Онда Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген хайуанаттардан: арқар, безгелдек, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, дуадақ, ақбас тырна, дала қыраны, лашын, т.б. мекендейді.
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қаумалдары
- Ақмола облысы географиясы

