Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мүміндер әміріЕкі киелі қаланың қызметкері"},"Суреті":{"wt":"Sultan Mehmed VI of the Ottoman Empire.jpg"},"Атауы":{"wt":""},"Сурет ені":{"wt":""},"Елтаңба":{"wt

VI Мехмет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

VI Мехмет
осман. محمد سادس — Mehmed-ı sâdis
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
VI Мехмет
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 36-шы сұлтаны
4 шілде 1918  1 қараша 1922
(Лақап аты Дінбіріктіруші VI Мехмет)
Ізашары V Мехмет
Ізбасары Лауазым ыдыратылды
Ту
Ту
Ислам халифатының 101-ші халифі
4 шілде 1918  1 қараша 1922
Ізашары V Мехмет
Ізбасары II Әбділмәжит
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 2 ақпан 1861 (1861-02-02)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 15 мамыр 1926 (1926-05-15)(65 жас)
Санремо, Италия патшалығы
Жерленді Сұлтан Сәлім мешіті, Дамаск
Династия Османлы әулеті
Әкесі I Әбділмәжит
Анасы Гүлісті қатынәпенді
Жұбайы Әмина Назикеда қатынәпенді
Сение Инширах ханымәпенді
Шадие Мүведдет қатынәпенді
Неууаре ханымәпенді
Нимет Неузат ханымәпенді
Балалары Ұлы:
Мехмет Ертұғрыл әпенді
Қыздары:
Фенире сұлтан
Фатима Үлуие сұлтан
Рүкие Сабиха сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
VI Мехмет Ортаққорда

VI Мехмет (осман. محمد سادس — Mehmed-ı sâdis; 2 ақпан 1861 — 15 мамыр 1926) — Османлы мемлекетінің 36-шы сұлтаны, Ислам халифатының 101-ші халифі.

Өмірбаяны

VI Мехмет 1861 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Әбділмәжит шаңырағында дүниеге келді.

VI Мехмет тұсындағы Османлы мемлекеті

VI Мехмет таққа отырған кезде, Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңі болып жатты. Бұл соғыста Османлы мемлекеті Германия жағында соғысты. Ұлыбритания Сирияға кіріп, Дамаск пен Алеппоны басып алды. 1918 жылдың қыркүйек пен қазан айларында османлы әскерінің негізгі күштері Сирия, Палестина, Ирак жерлерінде британ әскерінен жеңіліс тапты. Соғыстағы жеңіліс Жас түріктердің шын мәнісіндегі билігін жойды: 8 қазанда Талғат паша бастаған Жас түріктер қызметінен кетті. 30 қазанда Мудрос бұғазында "Агамемнон" линкорының бүйірінде Жас түріктер британдықтармен бітім шарт жасады. Шарт бойынша османлы әскері қаруды тастады, демобилизация үрдісіне көшті, флот Антантаға берілді. Османлы мемлекетінің құрамындағы елдер: Сирия, Ирак, Палестина, Иордания, Мысыр, Ливия, Оман, Йемен, БАӘ, Бахрейн және Катар Ұлыбритания мен Францияға өтті. 3 қарашада Жас түріктердің басшылары Германияға қашты, ал "Бірлік пен өрлеу" (түр. İttihâd ve Terakkî) партиясы тарқады. 13 қарашада Антанта кемелерінің эскадрасы Константинопольдің жаңына келіп, десантты түсірді, ал келесі күні десант қалаға басып кірді.

Суреттері

Садрағзамдары

Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
284 Талғат паша 3 шілде 1918 — 8 қазан 1918 3 ай
285 Ахмет Ізетті паша 14 қазан 1918 — 8 қараша 1918 1 ай
286 Ахмет Тәупік паша 11 қараша 1918 — 10 наурыз 1919 4 ай
287 Дамат Ферит паша 10 наурыз 1919 — 4 қазан 1919 7 ай
288 Әли Рыза паша 4 қазан 1919 — 2 наурыз 1920 5 ай
289 Салих Хүлісі паша 2 наурыз 1920 — 5 сәуір 1920 1 ай
290 Дамат Ферит паша 5 сәуір 1920 — 18 қазан 1920 1 ай
291 Ахмет Тәупік паша 21 қазан 1920 — 1 қараша 1922 2 жыл 10 күн
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
V Мехмет
VI Мехмет
4 шілде 1918 — 1 қараша 1922
Ізбасары
II Әбділмәжит
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат
Жоғары