| Verizon Communications | |
| Түрі | Көпшілік компания |
|---|---|
| Биржадағы листингі | NYSE: VZ |
| Құрылды | 2000 |
| Орналасуы |
|
| Басты адамдары | Иван Сейденберг (директорлар кеңесінің төрағасы және бас басқарушы), Лоуренс Баббио кіші (президент) |
| Саласы | телекоммуникациялар |
| Айналым | ▲ $88,144 млрд (2006 жыл) |
| Таза табыс | ▼ $6,197 млрд (2006 жыл) |
| Қызметкерлер саны | 217 мың адам (2005 жыл) |
| Сайты | |
Verizon Communications (NYSE: VZ) — америкалық телекоммуникация компаниясы, АҚШ-тағы және әлемдегі ең ірілердің бірі. Штаб-бөлмесі — Нью-Йоркте.
Тарихы
2000 жылы Bell Atlantic мен GTE компанияларының ұйысуы нәтижесінде құрылған. 2006 жылдың қаңтар айында IP-протоколымен байланыс қызметін көрсететін MCI комапаниясын сатып алады.
Басшылық және меншік иесі
2007 жылғы шілде айының ортасындағы нарықтық капитализациясы — $124 млрд.
Директорлар кеңесінің төрағасы және бас басқарушы — Иван Сейденберг. Президенті — Лоуренс Баббио мл.
Қызметі
Verizon Communications стационарлы және ұялы байланыс (cdma 800/1900 МГц), спутниктік, кең жиектік интернетке қосылу қызметтерін, және информациялық қызметтерін көрсетеді. Одан бөлек, компания телефонды анықтамалар шығарады.
2005 жылға персонал саны — 217 мың адам. 2006 жылғы кіріс — $88,144 млрд (2005 жылы — $75,1 млрд), таза кіріс — $6,197 млрд ($7,4 млрд).
Сілтемелер
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Нью-Йорк қор биржасында листинг акциясы бар компаниялар
- Алфавит бойынша компаниялар
- 2000 жылы құрылған компаниялар
- Технология компаниялары
- АҚШ телекоммуникация компаниялары
- АҚШ ұялы телефон операторлары