Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әбділмүмін хан (өзб. Abdulmo’minxon; 1738, Бұхара – 1751, Бұхара, Бұхара хандығы) — өзбектердің Аштархан әулетінен шыққан Бұхара хандығының алғашқы номиналды ха

Әбділмүмін хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әбділмүмін хан
өзб. Abdulmo’minxon
Лауазымы
Ту
Ту
Бұхара хандығының ханы
1747  1751
Ізашары Әбілпейіз хан (1747–1751)
Ізбасары III Ұбайдулла хан (1751–1754)
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1738 (1738)
Бұхара, Бұхара хандығы
Қайтыс болуы 1751 (1751)
Бұхара, Бұхара хандығы
Әкесі Әбілпейіз хан

Әбділмүмін хан (өзб. Abdulmo’minxon; 1738, Бұхара – 1751, Бұхара, Бұхара хандығы) — өзбектердің Аштархан әулетінен шыққан Бұхара хандығының алғашқы номиналды ханы (1747–1751).

Өмірбаяны

Әбділмүмін хан Бұхара ханы, өзбектердің Аштархан әулетінен шыққан Әбілпейіз ханның (1711–1747) отбасында дүниеге келген.

1747 жылы Әбілпейіз хан өлтірілгеннен кейін, іс жүзіндегі билік өзбектің Маңғыт әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахымның (1747–1758) қолына толықтай өтті. Мұхаммед Рахым сарай маңындағылар мен «қызылбастардың» қолдауына ие болып, таққа Әбілпейіз ханның тоғыз жасар ұлы — Әбділмүмінді (1747–1751) отырғызды және оған өзінің жалғыз қызын ұзатты. Алайда ол мемлекетті өз бетінше басқаруға тырысты. Соның салдарынан бірнеше жылдан кейін, 1751 жылы ол өлтірілді. Әбділмүмін қаза тапқаннан кейін Бұхара хандығының хандары болып жарияланған Әбілпейіз ханның жас балалары — III Ұбайдулла хан (1751–1754) мен Шерғазы хан (1754–1756) мемлекетте ешқандай рөл атқармады, тіпті жас ерекшеліктеріне байланысты атқара да алмайтын еді.

Әдебиет

  • Толстов С. П. История Узбекской ССР. — Институт истории и археологии (АН УзССР). — Таш., 1967.
Жоғары