Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Іле Алатауының шатқалында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейінде, Іле өзенінің жайылма бөлігінде кездеседі. Биіктігі 3 м-г

Іле бөріқарақаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Іле бөріқарақаты

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Табы: Карл Линней
Тұқымдасы: бөріқарақаттар

Іле бөріқарақаты (Berberіs іlіensіs) — бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта.


Іле Алатауының шатқалында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейінде, Іле өзенінің жайылма бөлігінде кездеседі. Биіктігі 3 м-ге жетеді. Ескі бұталары сұр қабықты, бір жылдық бұталары қызыл қоңыр қабықты. Тікенектері жай, 3 және 5-6 бөлікті. Жапырақтары қалың, жеміс салатын өркендеріндегі кос жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті және сопақтау, жеміс салмайтын өркендерінің жиегі тікенекті-тісті. Гүлшоғыры — көп гүлді шашақ, ұзындығы 5 см. Гүлдері сары түсті, диаметрі 3-4 мм, гүлсағақтарының ұзындығы 5-7 мм. Мамырда гүлдейді, маусымда жеміс салады. Жемісі ақшыл қызыл түсті, жұмыртқа пішінді, ұзындығы 7-8 мм, ені 3-4 мм. Сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Тағы қараңыз

  • Бөріқарақат
Жоғары