| Ито Хиробуми 伊藤博文 | |||
![]() | |||
| Лауазымы | |||
|---|---|---|---|
| |||
| 22 желтоқсан 1885 — 30 сәуір 1888 | |||
| Монарх | Мэйдзи | ||
| Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған | ||
| Ізбасары | Курода Киётака | ||
| |||
| 8 тамыз 1892 — 31 тамыз 1896 | |||
| Монарх | Мэйдзи | ||
| Ізашары | Мацуката Масаёси | ||
| Ізбасары | Мацуката Масаёси | ||
| |||
| 12 қаңтар — 30 маусым 1898 | |||
| Монарх | Мэйдзи | ||
| Ізашары | Мацуката Масаёси | ||
| Ізбасары | Окума Сигэнобу | ||
| |||
| 19 қазан 1900 — 10 мамыр 1901 | |||
| Монарх | Мэйдзи | ||
| Ізашары | Ямагата Аритомо | ||
| Ізбасары | Кацура Таро | ||
| |||
| 3 наурыз 1906 — 14 маусым 1909 | |||
| Монарх | Мэйдзи | ||
| Ізашары | Сонэ Арасукэ | ||
| Өмірбаяны | |||
| Білімі | Ұлыбритания университет колледжі | ||
| Мамандығы | Экономист | ||
| Діні | Синтоист | ||
| Дүниеге келуі | 16 қазан 1841 Хаги қаласында, Тесю княздігінде, Токугава сёгунаты | ||
| Қайтыс болуы | 26 қазан 1909 (68 жас) Харбин, Цинь Империясы | ||
| Жерленді | Токио, Жапония | ||
| Туған кездегі есімі | Хаяси Рисукэ | ||
| Әкесі | Хаяси Дзюдзо (жапон. 林十蔵) | ||
| Анасы | Хаяси Котоко (жапон. 林琴子) | ||
| Жұбайы | Ито Умэко (жапон. 伊藤梅子) | ||
| Балалары | қыздары: Садако (жапон. 貞子) Икуко (жапон. 生子) Асако (жапон. 朝子) ұлдары: Хирокуни (жапон. 博邦, асыранды баласы) Бункити (жапон. 文吉) Синъити (жапон. 眞一, асыранды баласы) | ||
| Ғылыми қызметі | |||
| Ғылыми аясы | Йельс университетінің құрметті ғылым докторы | ||
| Ито Хиробуми Ортаққорда | |||
| өңдеу | |||
Ито Хиробуми (жапон. 伊藤博文 (1841–1909) — көрнекті жапон саясаткері, бірінші (сол сияқты, бесінші, жетінші, оныншы) Жапон премьер-министрі, бірінші (сол сияқты, үшінші, сегізінші, оныншы) Құпия Кеңес төрағасы, Жапон Конституциясы жобасының ауторы. Мэйдзи Жаңғыртуы көшбасыларының бірі, генро – император кеңесінің тізіміне енді. Йель университетінің Құрметті докторы.
Жастық шағы
Ито Хиробуми 16 қазанда 1841 жылы Тесю кінәздігінің вассальді тәуелділігінде болған Хаги кінәздігінің (бүгінгі күні Хаги қаласы Ямагути префектурсының құрамына енеді) астанасында дүниге келді. Әкесі Ито Хаяси Дзюдзо шаруа болған адам. Ол Ито жанұясына асырап алынып, асигару дәрежесін иеленіп, Ито тегін алды.
Ұлыбританиядағы машықтану
Үйленуі
Тесю мен Ұлыбритания арасындағы қақтығыс барысында Ито князь Тесю Мори мен ағылшын арасында елші ретінде бірінші рет дипломат болып қатынасты. Тесю жетекшілігінің өкілдері керітартпа бағытта бола отырып, Итоның өміріне бірнеше рет қастандық ұйымдастырған болатын. Сол сәтте жас гейша Умэко Итоны өз бөлмесіне жасырып қойды. Осыдан кейін екеуінің арасында махаббат сезімі оянды. Кейін Хиробуми 1866 жылы Умэконы сатып алып, сәуір айында үйлену тойларын жасады.
Мансабының басқы кезеңі
1867 жылы Ито Хиробуми гоятои дәрежесіне көтеріліп, ресми түрде самурай мәртебесін алды. 1868 жылы ол сыртқы істер жөніндегі үкімет кеңесшісі (санъё) болып тағайындалып, Хёго префектурасын басқарды. Сол жылы префектура орталығы Кобе шетелдіктерге ашылып, аймақ Жапонияның модернизация және интернационализация орталықтарының біріне айналды.
1870 жылы Ито АҚШ-қа жіберіліп, Батыстың қаржы және валюта жүйесін зерттеді. Ол мемлекеттік хатшы Гамильтон Фишпен кездесіп, АҚШ Конституциясының және негізгі заңдардың көшірмесін сыйға алды. Дегенмен, Ито американдық үлгіні Жапонияға жарамсыз деп санады. Еліне оралған соң қоғамдық жұмыстар мен қаржы саласында басшылық қызмет атқарып, княздық жүйенің орнына префектуралық әкімшілік құрылымды енгізуге қатысты.
1871 жылы Ито Батыс елдеріне зерттеу және дипломатиялық миссия жіберуді ұсынды. Бұл ұсыныс қабылданып, 107 адамнан тұратын Ивакура миссиясы сыртқы істер министрі Ивакура Томоми басшылығымен жіберілді; Ито оның орынбасарларының бірі болды. Бұл сапар кезінде ол Жапонияның Батыс тәжірибесінен үйреніп, дамуы қажет деген көзқарасты ұстанды.
1873 жылы Сэйканрон деп аталатын пікірталаста Ито Жапонияның Кореяға соғыс ашуға дайын еместігін айтып, соғысқа қарсы шықты.
1878 жылдан бастап ішкі істер министрі ретінде Ито Рюкю аралдарын Жапония құрамына қосу ісінде маңызды рөл атқарды. 1879 жылы үкімет өкілі Мацуда Митиюки Рюкю астанасы Нахаға келіп, король Сё Тайға ультиматум қойды. Маусым айында Сё Тай Иокогамаға жеткізілді, ал Рюкю Жапонияға қосылды, Қытайдың наразылығына қарамастан.
Жапон Премьер-министрі
Бірінші мерзім
Мемлекеттік аппарат реформасы
Жапон Конституциясымен жұмыс
Басқа реформалар
Екінші мерзім
Үшінші және төртінші мерзім
Өмірінің соңғы жылдары

Қаза болу

Ан Чунгынды айыптау
Ито марапаттары
| Алған уақыты | Марапат атаулары | Сурет |
|---|---|---|
| 2 қараша 1877 жыл | Алқасымен Хризантема Жоғары ордені | ![]() |
| 25 мамыр 1885 жыл | Васа әулетінің Корольдік ордені, 1-дәрежелі (Швеция) | ![]() |
| 11 ақпан 1889 жыл | Үлкен таспасымен Хризантема Жоғары ордені | ![]() |
| 5 шілде 1895 жыл | Үлкен таспасымен Хризантема Жоғары ордені | ![]() |
| 19 наурыз 1896 жыл | Әулие Александр Невский ордені (Ресей) | ![]() |
| 4 қазан 1897 жыл | Леопольд ордені, 1-дәрежелі (Бельгия) | ![]() |
| 29 сәуір 1898 жыл | Құрметті легион ордені, Үлкен крест иегері (Франция) | ![]() |
| 1 сәуір 1906 жыл | Алқасымен Хризантема Жоғары ордені | ![]() |
Ито кинематографта
Сериалдары
| Сериал | Ито Хиробуми рөліндегі әртіс |
|---|---|
| Міне, Рема келеді 竜馬がゆく | Накамура Ацуо 中村敦夫 |
| Гүлдер құдайы 花神 | Бито Исао 尾藤イサオ |
| Арыстан уақыты 獅子の時代 | Нэдзу Дзинбати 根津甚八 |
| Көктемгі толқындар 春の波涛 | Итами Дзюдзо 伊丹十三 |
| Ұшу секілді 翔ぶが如く | Огура Хисахиро 小倉久寛 |
| Жел ұшқындайды 風が燃えた | Миура Томокадзу 三浦友和 Хира Микидзиро 平幹二朗 |
| Енді, республикаға! 走向共和 | Хирата Ясуюки 平田康之 |
| Салтанат аяқталды 夜会の果て | Набэ Осами なべおさみ |
Фильмдер
| Фильм | Ито Хиробуми рөліндегі әртіс |
|---|---|
| 203-ші биіктік 二百三高地 | Морисигэ Хисая 森繁久弥 |
| Тёсюдегі бесеу 長州ファイブ -CHOSHU Five- | Миура Акифуми 三浦アキフミ |
| 2009: Шығындалған естеліктер 2009 로스트 메모리즈 | У Санджон 우상전 |
Интересные факты

- 16 қазанда туғандар
- 1841 жылы туғандар
- 26 қазанда қайтыс болғандар
- 1909 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жапония саясаткерлері
- Самурайлар
- Жапония премьер-министрлері
