
Толқын — ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы. Толқынның бірдей фазаларда тербелетін нүктелерінің үздіксіз геометриялық орны толқындық бет деп аталады. Алдынғы толқындық бетті, яғни толқынды тудыратын көзден ең алыс бетті толқынның фронты (алғы шебі, қапталы) дейді. Толқын фронты (қапталы) - уақыт мезетінде тербелістер келіп жететін нүктелердің геометриялық орны. Толқындық бет - бірдей фазада тербелетін нүктелердің геометриялық орны. Толқындық беттер кез келген түрде бола алады, ең қарапайым жағдайда бұл бір-біріне параллель жазықтықтардың немесе концентрлік сфералардың жиынтығы. Осыған сәйкес толқындар жазық немесе сфералық деп аталады.
Қума толқын
Қума толқын (Бегущая волна) — желі бойымен жүктемеге қарай энергия тасымалдайтын толқын. Фидердің толқындық кедергісі антеннаның кіріс кедергісімен үйлескен жағдайда радиотаратқыш фидерге беретін энергия қума толқын арқылы антеннаға толығымен беріледі.
Қума толқын антеннасы (Антенна бегущей волны) — геометриялық осі бойынша қума толқын таралатын (қабылданатын) антенналар. Мұндай антенналар қатарына "толқындық канал", спиральдық антенна, диэлектрлік антенна, Бевереджа антеннасы, ромбалық антенна, т.б. антенналар жатады. Көбіне барлық толқындағы радиоқабылдағыш құрылғыларда қолданылады.
Қума толқын шамы (Лампа бегущей волны) — жұмыс істеу принципі бір бағытта қозғалатын электромагниггік толқын мен электрон аңынының өзара өрекетіне негізделген электровакуумдық құрал. Аса жоғары жиілікті тербелістердің күшейткіші ретінде қолданылады.
Синусоидалық толқын
Синусоидалық толқын - қандай да бір физикалық шаманың гармоникалық тербелістерінің ортада нақты анықталған жиілікпен таралуы.
- Ғылым
- Су шаруашылығы
- Механика
- Электроника