Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олард

Қазақстан премьер-министрі

  • Басты бет
  • Қазақстан премьер-министрі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді. Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан елтаңбасы

Лауазымды иеленуші
Олжас Бектенов
6 ақпан 2024 жылдан бері
Ресми резиденциясы

Үкімет Үйі, Астана, Қазақстан

Тағайындайды

Президент

Лауазым пайда болды

10 желтоқсан 1991

Алғашқысы

Сергей Терещенко

Сайты

primeminister.kz

Мазмұны

Тарихы

Премьер-министр лауазымы 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Министрлер Кеңесі Төрағасы лауазымының орнына енгізілді.

Қазақ КСР-нің премьер-министрі қызметін алғаш Ұзақбай Қараманов атқарған болса, Қазақ КСР-нің соңғы премьер-министрі және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды.

Өкілеттіктері

Премьер-Министр үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді, үкімет қаулыларына қол қояды, үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде президентке баяндап отырады және үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.

Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Премьер-министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығара алады.

Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.

Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

Қазақстан премьер-министрлерінің тізімі

Толық мақаласы: Қазақстан үкімет басшыларының тізімі
Премьер-министрлер

     Премьер-министр міндетін атқарушы

№ Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Қызметі Партиясы Президенті Үкіметі Руы
? !Қазақ КСР Премьер-министрі (1990—1991)
1   Қараманов, Ұзақбай Қараманұлы !Ұзақбай Қараманов
(1937–2017)
20 қараша
1990
14 қазан
1991
КОКП Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы !Нұрсұлтан Назарбаев
(1990–1991)
Қараманов Әлімұлы, Шекті
2   Терещенко, Сергей Александрович !Сергей Терещенко
(1951–2023)
16 қазан
1991
10 желтоқсан
1991
Партиясыз Терещенко — !Ұлты — украин
? !Қазақстан Республикасының Премьер-министрі (1991—)
1   Терещенко, Сергей Александрович !Сергей Терещенко
(1951–2023)
10 желтоқсан
1991
11 қазан
1994
Партиясыз Нұрсұлтан Назарбаев
(1991–2019)
Терещенко — !Ұлты — украин
2   Қажыгелдин, Әкежан Мағжанұлы !Әкежан Қажыгелдин
(1952 туған)
12 қазан
1994
10 қазан
1997
Халық бірлігі Қажыгелдин Уақ, Шоға
3   Балғымбаев, Нұрлан Өтепұлы !Нұрлан Балғымбаев
(1947–2015)
10 қазан
1997
1 қазан
1999
Халық бірлігі Балғымбаев Байұлы, Ысық
—   Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы !Қасым-Жомарт Тоқаев
(1953 туған)
1 қазан
1999
12 қазан
1999
Отан Тоқаев Жалайыр, Күшік
4 12 қазан
1999
28 қаңтар
2002
5   Тасмағамбетов, Иманғали Нұрғалиұлы !Иманғали Тасмағамбетов
(1956 туған)
28 қаңтар
2002
11 маусым
2003
Отан Тасмағамбетов Байұлы, Жаппас
– 11 маусым
2003
13 маусым
2003
6   Ахметов, Даниал Кенжетайұлы !Даниал Ахметов
(1954 туған)
13 маусым
2003
8 қаңтар
2007
Отан Даниал Ахметов Арғын, Қанжығалы
– 8 қаңтар
2007
10 қаңтар
2007
7   Мәсімов, Кәрім Қажымқанұлы !Кәрім Мәсімов
(1965 туған)
10 қаңтар
2007
24 қыркүйек
2012
Нұр Отан I Мәсімов — !Ұлты — ұйғыр
8   Ахметов, Серік Нығметұлы !Серік Ахметов
(1958 туған)
24 қыркүйек
2012
2 сәуір
2014
Нұр Отан Серік Ахметов Арғын, Қуандық
7 !(7)   Мәсімов, Кәрім Қажымқанұлы !Кәрім Мәсімов
(1965 туған)
2 сәуір
2014
8 қыркүйек
2016
Нұр Отан II Мәсімов — !Ұлты — ұйғыр
–   Сағынтаев, Бақытжан Әбдірұлы !Бақытжан Сағынтаев
(1963 туған)
8 қыркүйек
2016
9 қыркүйек
2016
Нұр Отан – Ошақты
9 9 қыркүйек
2016
21 ақпан
2019
Сағынтаев
–   Мамин, Асқар Ұзақбайұлы !Асқар Мамин
(1965 туған)
21 ақпан
2019
25 ақпан
2019
Нұр Отан – Арғын, Қанжығалы
10 25 ақпан
2019
5 қаңтар
2022
I Мамин
Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы !Қасым-Жомарт Тоқаев
(2019–)
II Мамин
–   Смайылов, Әлихан Асханұлы !Әлихан Смайылов
(1972 туған)
5 қаңтар
2022
11 қаңтар
2022
Аманат – Қаңлы, Қара қаңлы
11 11 қаңтар
2022
5 ақпан
2024
I Смайылов
II Смайылов
—   Скляр, Роман Васильевич !Роман Скляр
(1971 туған)
5 ақпан
2024
6 ақпан
2024
Аманат – — !Ұлты — украин
12   Бектенов, Олжас Абайұлы !Олжас Бектенов
(1980 туған)
6 ақпан
2024
— ? !белгісіз Бектенов — !белгісіз

Тағы қараңыз

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі
  • Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары
  • Қазақстан премьер-министрінің орынбасары
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Сеңгір таулары

  • Наурыз 29, 2026

    Қасым Қайсенов

  • Сәуір 05, 2026

    Көпшілік компания

  • Сәуір 05, 2026

    Металдық байланыс

  • Сәуір 05, 2026

    Үндістан түбегі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары