Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Абдылас Малдыбайұлы Малдыбаев – (1906 жыл 7 шілде, Қырғыз КСР, Кемин ауданы – 1971 жыл) – қырғыз кеңес композиторы, әнші (тенор), КСРО халық әртісі (1939). 1939

Абдылас Малдыбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Абдылас Малдыбаев
Туған күні

24 маусым (7 шілде) 1906 (1906-07-07)

Туған жері

Қарабұлақ ауылы, Вернен уезді, Жетісу облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1 маусым 1978 (1978-06-01)(71 жас)

Қайтыс болған жері

Фрунзе, Қырғыз КСР, КСРО

Белсенділік жылдары

1929 жыл – 1967 жыл

Мемлекет

Қырғыз КСР

Мамандықтары

қырғыз кеңес композиторы, әнші, КСРО халық әртісі, Қырғызстан Композиторлар одағының төрағасы

Ұжымдары

Қырғыздың опера және балет театры, Қырғызстан Композиторлар одағы

Қызметтес болған

Г.И.Литинский, В.Г.Фере

Марапаттары

Ленин ордені

Абдылас Малдыбайұлы Малдыбаев – (1906 жыл 7 шілде, Қырғыз КСР, Кемин ауданы – 1971 жыл) – қырғыз кеңес композиторы, әнші (тенор), КСРО халық әртісі (1939). 1939 жылдан КОКП мүшесі.

Еңбек жолы

  • 1929 жылы музыка-драмалық театр (қазіргі Қырғыздың опера және балет театры) труппасына қабылданды.
  • 1947-50 жылдары Мәскеу консерваториясында Г.И.Литинскийдің және В.Г.Ференің класында оқыды. Ол В.А.Власов және В.Г.Феремен бірге «Ажал орнына» (1938), «Айжүрек» (1939), «Манас» (1939), «Тоқтағұл» (1958) атты тұңғыш музыкалық драмалар мен опералардың авторы.
  • 1966 жылы Қырғыз КСР-і гимнінің авторы. Ол аталмыш туындыларда басты партияларды орындады. Малдыбаев қырғыз кеңес музыкасының негізін салушы өнер қайраткерлерінің бірі.
  • 1939-67 жылдары Қырғызстан Композиторлар одағының төрағасы.
  • 1-сайлаудағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 2,4-сайлаулардағы Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Марапаттары

Ленин орденімен және басқа 4 орденмен марапатталған.

Жоғары