Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Май ауданы — Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. 1939 жылы құрылған. Аудан көлемі 18,1 мың ш. км.

Май ауданы

  • Басты бет
  • Май ауданы

Май ауданы — Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. 1939 жылы құрылған. Аудан көлемі 18,1 мың ш. км.

Қазақстан ауданы
Май ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Көктөбе

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

22

Әкімі

Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, №34

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°56′24″ с. е. 77°31′12″ ш. б. / 50.94000° с. е. 77.52000° ш. б. / 50.94000; 77.52000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°56′24″ с. е. 77°31′12″ ш. б. / 50.94000° с. е. 77.52000° ш. б. / 50.94000; 77.52000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939 жыл

Жер аумағы

18,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

10 453 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (86,33%)
орыстар (8,13%)
немістер (1,76%)
татарлар (0,92%)
украиндар (0,89%)
басқалары (1,97%)(2022 ж.)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140800-140807

Автомобиль коды

14

Май ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Май ауданы

Мазмұны

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Оңтүстігі пен шығысында Абай облысының Бесқарағай ауданымен және Семей қаласымен, оңтүстік-батысында – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданымен, батысында – Баянауыл ауданымен, солтүстігінде – Ақсу қаласының ауылдық аймағымен шектеседі, солтүстік-шығысында Аққулы ауданымен Ертіс өзені арқылы бөлінген.

Климаты

Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы - −15º-17ºС., шілденікі - +20º+22ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 200—250 мм-ді құрайды. Қаңтар және желтоқсан айларында ауа температурасы –46-48 градусқа жетеді

Жер бедері және гидрография

Аудан аумағының жер бедері көбінесе төбелі-жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – шағын төбешікті болып келеді. Аудан аумағы бойынша Ертіс, Түндік, Ащысу өзендері ағып өтеді, Қарасор, Алқамерген, Жаңатұз, Ақбота, Шақпақтұз, Үлкентұз секілді көлдер бар. Аудан пайдалы қазбаларға бай. Сапасы жағынан антрацитке жақын тас көмір орындары, табиғи құрылыс материалдары, оның ішінде отқа берік және қызыл балшық, мәрмәр, әк, жоса бар.

Флора және фауна

Топырақ қызғылт, сортаң. Аудан аумағында бетеге, қияқ, қамыс, тал өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ, аламан мекен етеді.

Халқы

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
12295 ▲23753 ▼23733 ▼23490 ▼16859 ▼12601 ▼10645

Этникалық құрамы

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • қазақтар — 10 263 адам (85,71 %)
  • орыстар — 955 адам (7,97 %)
  • украиндар — 166 адам (1,38 %)
  • немістер — 169 адам (1,41 %)
  • татарлар — 164 адам (1,37 %)
  • беларустар — 53 адам (0,44 %)
  • басқалары — 145 адам (1,21 %)
  • Барлығы— 11 974 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны— 16,9 мың адамды, 2012 жылы — 11,974 мың адамды құрады.

Әкімшілік бөлінісі

22 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 615 ▼439 71,4 316 ▼213 67,4 299 ▼226 75,6
Ақшиман ауылдық округі 476 ▼309 64,9 245 ▼166 67,8 231 ▼143 61,9
Баскөл ауылдық округі 1325 ▼1069 80,7 669 ▼561 83,9 656 ▼508 77,4
Кеңтүбек ауылдық округі 1141 ▼926 81,2 546 ▼490 89,7 595 ▼436 73,3
Көктүбек ауылдық округі 3955 ▲4147 104,9 1899 ▲2076 109,3 2056 ▲2071 100,7
Қазан ауылдық округі 955 ▼726 76 466 ▼366 78,5 489 ▼360 73,6
Қаратерек ауылдық округі 1067 ▼709 66,4 517 ▼367 71 550 ▼342 62,2
Май ауылдық округі 793 ▼554 69,9 390 ▼320 82,1 403 ▼234 58,1
Майтүбек ауылдық округі 635 ▼502 79,1 311 ▼278 89,4 324 ▼224 69,1
Малайсары ауылдық округі 909 ▼749 82,4 449 ▼402 89,5 460 ▼347 75,4
Саты ауылдық округі 730 ▼515 70,5 385 ▼275 71,4 345 ▼240 69,6
ЖАЛПЫ САНЫ 12601 ▼10645 84,5 6193 ▼5514 89 6408 ▼5131 80,1

Экономика

Ауыл шаруашылық

Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: отарлы қой шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, жем-шөп мәдениеті, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты— мал шаруашылығы. Бетегелі азықтық дақылдардың көп болуы мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығы жетекші орында екендігін байқатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бір ауыл шаруашылық, 75 шаруа қожалығы мен 3432 жеке қоныс айналысады. Ауданда 2 наубайхана, 2 диірмен, 1 макаронды цех, 3 күнбағыс майын өндіретін, 1 тері шикізатын қайта өндейтін цехтар бар.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Ауданда 7 мектепалды ұйымдары, 14 орта жалпы білім беру мекемелері мен 1 кәсіби мектеп бар.

Денсаулық сақтау

Ауданда Май орталық аудандық ауруханасы бар.

Мәдениет

Ауданда жылжымайтын мәдени және тарихи ескерткіштер бар: Еңбек мәртебесінің ескерткіші, Урал-ЗИС-355 а/м, 1981 ж., Көктөбе ауылы Еңбек мәртебесінің ескерткіші, С-80 тракторы, 1976 г., Қызыл Құрма ауылы «Шамшырақ» (1930 жылдан), «Маяк» (1955 жылдан) аудандық газеттері шығарылады.

Әйгілі адамдар

  1. Социалистік Еңбек ерлері: Қ. Женгілбаев пен В.И. Ладыгин.
  2. Бастемі Қазірет Айтқожаұлы - діни қайраткер, қазірет.
  3. ағайынды академик Әбділдиндер
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 15, 2026

    Ұшқан ұя

  • Наурыз 21, 2026

    Көміртегі

  • Сәуір 04, 2026

    Ядро қабықшасы

  • Сәуір 04, 2026

    Ғағауыз тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Мұғалжар тауы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары