Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылы – 1986) - қазақ тарихшысы, әдебиеттанушы, драматург, публицист, педагог, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ халқының этногенезі, қазақ әдебиеті тарихы, ағартушылық қозғалысы және Абайтану салаларында ғылыми зерттеулер жүргізген.
Өмірбаяны
Мұсатай Ақынжанов 1905 жылы қазіргі Абай облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген.
Алғашқы білімін ауыл мектебінде алып, 1925 жылы Семей педагогикалық техникумын, 1929 жылы Орынбор халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.
1925–1941 жылдары республикалық және өңірлік баспасөзде қызмет атқарып, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты жұмыстар атқарды. Сонымен қатар комсомол және партия ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерде болды. Кейін Қазақстан КП Орталық Комитеті жанындағы Маркс–Энгельс–Ленин институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарды. Қоғамдық-саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аудару және ғылыми баспа ісінің дамуына үлес қосты.
1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысып, Қазақ мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар ұстаздық етті. Жас зерттеушілерді даярлауға қатысты. Тарих және әдебиеттану бағыттарында ғылыми мектептің қалыптасуына маңызды негіз қалады.1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген.
Ғылыми қызметі
Мұсатай Ақынжанов қазақ халқының шығу тегі, этногенезі, ағартушылық тарихы және қазақ әдебиетінің дамуы мәселелеріне арналған жүзден астам ғылыми еңбек жариялаған.
Оның «Қазақ халқының шығу тегі», «Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы», «Абайдың өмірі мен творчествосы» атты еңбектері қазақ тарихнамасы мен әдебиеттану ғылымындағы маңызды зерттеулердің қатарына жатады. Ғалымның Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулері абайтану ғылымының дамуына елеулі ықпал етті.
Ғылыми еңбектері
- Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді.
- «Исатай мен Махамбет»
- «Сырым Датов»
- «Бағытай – Бағила»
- «Фрунзе»
- «Жеңіс қамы»
- «Шопан қыз»
- «Алтын сақа»
- «Алтын алқап сырлары»
- «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.
Шығармалары
- Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
- Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
- Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
- Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
- Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
- Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
- Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.
Марапаттары
Еңбегі үшін:
II дәрежелі Отан соғысы ордені;
«Германияны жеңгені үшін» медалі;
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары.
Мұрасы
Мұсатай Ақынжановтың ғылыми еңбектері Қазақстан тарихы, этногенезі, әдебиеттану және абайтану салаларындағы маңызды зерттеулердің бірі болып саналады. Оның зерттеулері мен көркем шығармалары ұлттық тарих пен мәдени мұраны зерделеуде бүгінгі күні де ғылыми айналымда қолданылып келеді.
- 9 мамырда туғандар
- 1905 жылы туғандар
- Абай ауданында (Абай облысы) туғандар
- 1986 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан тарихшылары
- Қазақстан ғалымдары
- Тарих ғылымдарының докторлары
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан журналистері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары