Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Экономикалық әлеует - бір топ елдің, бір елдің немесе ауданның қорытынды экономикалық сипаттамасы; ол нақты бір тарихи уақытта шаруашылық салаларының өнеркәсіп

Экономикалық әлеует

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Экономикалық әлеует - бір топ елдің, бір елдің немесе ауданның қорытынды экономикалық сипаттамасы; ол нақты бір тарихи уақытта шаруашылық салаларының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, күрделі құрылыстар салуға, жүктерді тасымалдауға, халыққа қызмет көрсетуге жиынтық қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық әлеует еңбек ресурстарының санымен және олардың кәсіптік даярлықтарының сапасымен, өнеркәсіп пен құрылыс кәсіпорындарының өндірістік куаттарының көлемімен, ауыл шаруашылығының өндірістік мүмкіндігімен, көлік магистралының ұзындығымен, көлік құралдарының болуымен, өндірістік емес салалардың дамуымен, ғылым мен техниканың жетістіктерімен, табиғи ресурстардың көлемімен, оның ішінде, пайдалы қазбалар ресурстарымен анықталады.
Экономикалық әлеует — елдің халық шаруашылығы салаларының өнім өндіруге, күрделі құрылысты жүзеге асыруға, жүк тасымалдауға, халыққа қажетті қызмет көрсетуге қабілетінің жиынтығы. Ол ғылым мен техниканың жетістіктерімен, өндірістік қуаттардың көлемімен, көлік құралдарының молдығымен, еңбек ресурстарының болуымен, олардың кәсіптік даярлық деңгейімен, өндірістік емес салалардың даму деңгейімен және т.б. айқындалады. Экономикалық әлеует экспорттық әлеуетті жасауға қажетті жағдайларды қалыптастырады.

Жоғары