Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Пальмитин қышқылы, СН3-(СН2)14-СООН — бір негізді қаныққан карбон қышқылы. Пальмитин қышқылы түссіз кристалл, 63,1° С-та балқиды, 351,5° С-та қайнайды. Суда ері

Пальмитин қышқылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пальмитин қышқылы, СН3-(СН2)14-СООН — бір негізді қаныққан карбон қышқылы. Пальмитин қышқылы түссіз кристалл, 63,1° С-та балқиды, 351,5° С-та қайнайды. Суда ерімейді, этил спирті, бензол, ацетонда жақсы ериді. Пальмитин қышқылы барлық табиғи май құрамында кездеседі. Пальма майының құрамында 32—40%, шошқа майында 30%, сиыр майында 25%, соя майында 6,5% Пальмитин қышқылы болады. Пальмитин қышқылының күрделі эфирі мен жоғары молекулалы спирт балауыз түзеді. Мысалы, Пальмитин қышқылының цетил эфирінен спермацет, мирицилден ара балауызы түзіледі. Пальмитин қышқылының эфирі мен тұзынан сабын, косметикалық препараттар жасалады.

Жоғары