| Хейке Камерлинг-Оннес | |
| нидер. Heike Kamerlingh Onnes | |
| |
| Туған күні | 21 қыркүйек 1853 |
|---|---|
| Туған жері | Гронинген, Нидерланд |
| Қайтыс болған күні | 21 ақпан 1926 (72 жас) |
| Қайтыс болған жері | Лейден, Нидерланд |
| Азаматтығы | Нидерланд |
| Ғылыми аясы | физика |
| Жұмыс орны | Лейден университеті |
| Альма-матер | Гронинген университеті |
| Марапаттары | |
Хейке Каммерлинг – Оннес Нидерландтың солтүстiгiнде Гронингенде туылды. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Каммерлинг – Оннес 1870 ж. Гронинген университетiне түседi, онда математика мен физиканы оқиды. 1871 ж. ол кандидат атағын алады. Үш семестрдi Каммерлинг- Оннес университетiнде (Германия) өткiздi, оның оқуына химик Роберт Бунзен мен физик Густав Кирхгов жетекшiлiк еттi. 1873 ж. Каммерлинг – Оннес Гронингенге қайтып оралды. Алты жылдан кейiн ол докторлық диссертация қорғады. Диссертациясында Каммерлинг – Оннес жердiң айналуының жаңа дәлелдеуiн ұсынды.
1878 – 1882 жылдары Каммерлинг – Оннес Дельфтегi Политехниалық училещесiнде (кейiн Техникалық университетке өзгертiлген). Каммерлинг – Оннестiң назарын қысым, температура және көлем арасындағы қатынасты анықтайтын Йоханкес Ван – дер – Ваальстың газдар теориясы аударды. Осы теория нақты және идеал газдар құбылыстарының айырмашылығын ескерудi мүмкiн қылады.
1882 ж. Каммерлинг – Оннес 29 жасында Лейден экспериментал физика университетiнiң профессоры қызметiне тағайындалды, ол осы университетiнiң физика лабораториясын басқарды. Каммерлинг – Оннес ойы бойынша физикалық лабораториялар сандық өлшеулер жасап, сапалық эксперименттер қою керек; теориялық сипаттамаларды дәл өлшеулермен нығайту керек. . Каммерлинг – Оннес төмен температурадағы газдардың күйiн зерттеу Ван – дер – Ваальстың газдар теориясын тексеруге маңызды информация беруi мүмкiн деп есептеген. Төменгi температураларға жету үшiн газдарды сұйылту керек. Каммерлинг – Оннес криогениканың саласын – төмен температуралар эффектерiн зерттеу мен айналысты. Ол төмен температуралы сұйқтарды көп көлемде алу үшiн газдарды сұйылтатын үлкен завод салды. 1909 ж. Каммерлинг – Оннес механиктер мен шыны үрлеушiлер үшiн училище ашты. Оны бiтiрген мамандарды дүние жүзiндегi физикалық лабораторияда кездестiруге болатын едi. Каммерлинг – Оннес лабораториясы XX ғасырдың ғылыми – зерттеу институттарына үлгi болды.
| ||||||||||
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 21 қыркүйекте туғандар
- 1853 жылы туғандар
- 21 ақпанда қайтыс болғандар
- 1926 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері
- Нидерланд ғалымдары
- Нидерланд физиктері
- Физиктер
