| Андреа Бочелли | |
| | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Andrea Bocelli |
| Туған күні | 22 қыркүйек 1958 (67 жас) |
| Туған жері | Лаятико, Тоскана, Италия |
| Белсенділік жылдары | 1992-қазіргі уақыт |
| Мемлекет |
|
| Мамандықтары | әнші |
| Дауыс түрі | тенор |
| Жанрлары | опера, classical crossover |
| Лейблдері | Universal Music, Philips, PolyGram, Decca, Sugar |
| http://www.andreabocelli.com/ | |
Андреа Бочелли (итал. Andrea Bocelli; 22 қыркүйек 1958 жыл, Лаятико, Тоскана, Италия) — италияндық мульти-инструменталды әнші (тенор), классикалық және танымал әндер орындаушысы. Опералық музыканың дәріптеушісі. Нашар көз көру қабілетімен туған және 12 жаста футбол кезіндегі сәтсіз оқиғадан кейін соқыр болып қалады.
Өмірбаяны
Андреа Бочелли Пиза қаласының маңайындағы Лаятико ауылында дүниеге келген (Тоскана провинциясы). Жастық жағы туған фермасында өтеді. Бочелли жас кезінен фортепиано, сырнай (флейта) және саксофон аспаптарында ойнауға үйренген.
Әнші жастайынан көз проблемаларына шалдыққан, 12 жасында футбол ойнап жатып, басына доп тиеді, сол оқиғадан кейін соқыр болып қалады.
Жасөспірім бола тұра, Андреа бірнеше вокалды сайыстарды ұтып, мектептік хордың солисті болады. Мектепті бітірген сон, Пиза университетінің заң факультетіне түсіп, заңгер дипломын алады.
Опералық музыкаға құмар болған Бочеллидің бүкіл өмірінің арманы мен мақсаты ұлы тенор болу еді. Франко Корелли жас баланы оқытуға алады. Бұл арманың орындауға келген Турин қаласында болады. Осымен заңгер мансабы біткен еді. Осылай жас тенор күндіз вокалға үйреніп, кешке мейрамханаларда өнер көрсетіп, өмір сүруіне қаражат табады.
1992 жыл жас тенорге шешуші жыл болады. Андреа италияндық «рок-жұлдыз» Дзуккеро алдында жақсы тындатудан өтеді. Әннің демо-жазбасы Лучано Паваротти қолына түседі. 1994 жылы Бочелли Сан-Ремодағы музыкалық фестивальда дебютінен ойдағыдай өтеді. Қыркүйекте Паваротти жас тенорды жеке түрде Модена қаласындағы концерттік программаға қатысуға шақырады. Сол жылы Рождество кезінде Рим Папасының алдында өнер көрсету құрметіне иеленеді.

Марапаттар
«Италья Республикасы алдында қызмет үшін» орденінің Ұлы офицері (6 ақпан 2006 жыл).
Доминикан Республикасының президенті Леонел Фернандес тағайындаған «Merit of Duarte, Sanchez and Mella» орденінің Ұлы офицері, 2009 жылы әлемдік өнер және мәдениетке қосқан үлесі үшін мараптталды.
Голливудтік "Данқ аллеясы" жұлдызымен театрлық мәдениетке (опера) қосқан үлесі үшін мараптталған (2 наурыз 2010 жыл).
Кітаптар
- Бочелли А. Музыка тишины / ПЕр. с ит. С. Рюриковой. — М.: РИПОЛ Классик, 2012. — 320 с., 5000 экз., ISBN 978-5-386-04020-8
Сілтемелер
- Ресми неміс фан-сайты (ағылшын нұсқасы)
- Bocelli Community 17 мамырдың 2021 жылы.
- Ресми форумы(қолжетпейтін сілтеме)
- Андреа Бочелли Facebook парақшасында
- Андреа Бочелли өлеңдерінің аудармасы
- Андреа Бочелли Twitter сайтында
- 22 қыркүйекте туғандар
- 1958 жылы туғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- Италия әншілері