
Галактикалық шоғырлар (ағылш. Galaxy clusters) және супершоғырлар (ағылш. supercluster) - көптеген галактикалардың ғаламда гравитация арқылы 10-нан 10000-ға дейін шоғырлануы. Бұл шоғырлар галактика шоғырлары деп аталады. Бұл шоғырлар бір-бірімен тағы бірігіп, Орасан шоғырларын құрайды. Орасан шоғырлар әрқайсысы онның он төрт дәрежесі Күн массасына тең 10 шақты галактика шоғырынан тұрады. Олар ғаламдағы ең үлкен құрылымдар және бірнеше миллион жарық жылына созылып жатады.
Жалғыз оңаша қалған галактикалар өте аз. Көптеген галактикалар гравитация арқылы бірігеді. Мысалы HCG 87 - Тауешкі шоқжұлдызындағы галактикалар тобы. Ол Жерден 400 миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан.
Жергілікті шоғыр - шамамен 25 галактикадан тұратын кішкене топ. Бұған, сонымен қатар, біздің галактикамыз - Құс жолы да кіреді. Ал, басқа мүшелері - Үлкен Андромеда галактикасы (М31), (М32), М33, Үлкен Магеллан бұлты, Кіші Магеллан бұлты, Двингело 1, бірнеше бұрыс галактикалар. Құс жолы мен Үлкен Анромеда - Жергілікті топтағы ең алып галактикалар.
Жергілікті орналасқан шоғыр - бикеш орасан шоғыры деп те аталатын Жергілікті орасан шоғыры Бикеш шоғырының ортасында орналасқан. Мұның 2000-ға жуық мүше галактикасы бар. Орасан шоғырдың құрамына, сонымен қатар, оның ортасында шамамен 400 км/сек жылдамдықпен айналып жүретін Жергілікті топ та кіреді.
Кома орасан шоғыры - кішкентай орасан шоғыр, Ол жерден шамамен 300 миллион жарық жылындай қашықтықта. Оның диаметрі 25 миллион жарық жылындай және құрамында шамамен 3000 галактика бар. А1367 (Арыстан шоғыры) және А1656 (Кома шоғыры) - орасан шоғырдың ең жарықтары.
Гидра орасан шоғыры - Жергілікті топтағы ең жақын алып орасан шоғыр. Ол шамамен 100 миллион жарық жылындай қашықтықты. Гидра орасан шоғырынң ішінде галактикалар өте көп. Кентавр орасан шоғыры - бізге ең жақын орналасқан орасан шоғыр. Бұл - орасан шоғырлардың ішіндегі үлкендерінің бірі. Гидра мен Кентавр орасан шоғырларын көбіне Гидра-Кентавр орасан шоғыры деп атайды.
Персей шоғыры - Персей шоқжұлдызында орналасқан. Персей шоғыры - аспандағы ең жарық шоғырлардың бірі. Ол жерден шамамен 300 миллион жарық жылындай қашықтықта. Құрамына мыңдаған галактика кіретін Персей шоғыры - Ғаламдағы ең алып нысандарының бірі. 2003 жылы НАСА-ның "Чандра" рентген обсерваториясын қолданып жүрген астрономдар Персей шоғырындағы қара құрдымнан дыбыс толқындарының шығып жатқанын байқайды. Бұл дыбыс толқындары Ғаламдағы нысандардан шыққан ең тереңі еді.
Галерея

Суреттер
SPT-CL J0615-5746 галактика кластері.
RXC J0232.2-4420 галактика кластері.
RXC J0032.1+1808 галактика кластері RELICS бағдарламасының бөлігі ретінде.
PSZ2 G138.61-10.84 массивтік галактика кластері шамамен алты миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан.
HAWK-I және Хаббл массасы екі квадриллион Күнге тең RCS2 J2327 кластерін зерттейді.
Abell 2537 қараңғы материя мен қараңғы энергия сияқты ғарыштық құбылыстарды зерттеуде пайдалы.
Abell 1300 линза сияқты әрекет етеді, оның айналасындағы кеңістік матасын бүгеді.
WHL J24.3324-8.477 галактика кластері.
Фондық галактика аралық галактикалар шоғырымен гравитациялық линзаланған.
«Smiley» кескіні – галактика кластері (SDSS J1038+4849) және гравитациялық линза (Эйнштейн сақинасы) (HST).
SpARCS1049 галактика кластері Спитцер және Хаббл ғарыштық телескопы түсірген.
MOO J1142+1527 галактика кластері MaDCoWS сауалнамасы арқылы табылды.
Abell 2744 галактика кластері (HST).
MACS J0454.1-0300 арқылы алыстағы ғаламды үлкейту.
Турбуленттілік галактика кластерлерінің салқындауына кедергі келтіруі мүмкін ; суреттелген: Персей шоғыры және Бикеш шоғыры (Чандра рентгені).
HST арқылы кескінделген MACS0416.1-2403.
- Галактикалық шоғырлар