Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мексика шығанағы (ис. Golfo de México, ағылш. Gulf of Mexico, фр. Golfe de Mexique, 2025 жылдан бастап АҚШ-та ағылш. Gulf of America — «Америка шығанағы») — Атл

Мексика шығанағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мексика шығанағы
ис. Golfo de México, ағылш. Gulf of Mexico, фр. Golfe de Mexique
Мексика шығанағының 3д көрінісі
Мексика шығанағының 3д көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы1 543 000 км²
Көлемі2 332 000 км³
Тереңдігі3800 м
Орташа тереңдігі1615 м
Орналасуы
25°22′00″ с. е. 90°23′00″ б. б. / 25.3667° с. е. 90.3833° б. б. / 25.3667; -90.3833 (G) (O) (Я)Координаттар: 25°22′00″ с. е. 90°23′00″ б. б. / 25.3667° с. е. 90.3833° б. б. / 25.3667; -90.3833 (G) (O) (Я) (T)
Елдер Мексика
 АҚШ
 Куба
Мексика шығанағы (Солтүстік Америка)
Мексика шығанағы
Мексика шығанағы Ортаққорда

Мексика шығанағы (ис. Golfo de México, ағылш. Gulf of Mexico, фр. Golfe de Mexique, 2025 жылдан бастап АҚШ-та ағылш. Gulf of America — «Америка шығанағы») — Атлант мұхитына қарасты, Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы су денесі. Ауданы 1555 мың шаршы километрді құрайды, суының көлемі 2332 мың километр куб. Мексика шығанағына Миссисипи, Рио-Гранде секілді басқа да өзендер құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (АҚШ), Хьюстон (АҚШ), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).

Жоғары