Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жан-Люк Годар (фр. Jean-Luc Godard; 3 желтоқсан 1930, Париж, Франция — 13 қыркүйек, 2022, Роль, Швейцария) — франко-швейцариялық кинорежиссёр, сценарийші, кинос

Жан-Люк Годар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жан-Люк Годар
Jean-Luc Godard
Сурет
Жан-Люк Годар (1968)
Жалпы мағлұмат
Туған күні

3 желтоқсан 1930 (1930-12-03)

Туған жері

Париж, Франция

Қайтыс болған күні

13 қыркүйек 2022 (2022-09-13)(91 жас)

Қайтыс болған жері

Роль, Швейцария

Азаматтығы

 Франция
 Швейцария

Мамандығы

режиссёр
кинопродюсер
сценарийші
киносыншы

Белсенді жылдары

1950 — 2022

Бағыты

«Франциялық жаңа толқын»

Марапаттары

Қүрметті «Оскар» (2010)
«Алтын аю» (1965)
«Алтын арыстан» (1983)

IMDb

ID 0000419

Қолтаңбасы

Ортаққордағы Жан-Люк Годар

Жан-Люк Годар (фр. Jean-Luc Godard; 3 желтоқсан 1930, Париж, Франция — 13 қыркүйек, 2022, Роль, Швейцария) — франко-швейцариялық кинорежиссёр, сценарийші, киносыншы, кинопродюсер және актёр. «Франциялық жаңа толқын» ағымының негіз салушылардың бірі. Оның 1960-жылдардағы фильмдері әлемдік киноөнеріне революциялық деңгейде ықпал етті.

Cahiers du Cinéma журналында киносыншы ретінде жұмыс істеген ерте кезеңінде Годар француз киносының негізгі бағытындағы «Сапа дәстүрін» сынға алып, Альфред Хичкок пен Говард Хоукс сияқты Голливуд шеберлерін үлгі тұтты. Мұнымен шектеліп қалмай, өзімен пікірлес сыншылармен тізе қосып, француз киносымен қатар дәстүрлі Голливуд қағидаларына қарсы шығып, өз фильмдерін түсіре бастады.

Годар алғаш рет «Жаңа толқын» қозғалысының белесіне айналған «Демі таусылғанша» (1960) фильмі арқылы әлемдік деңгейде танымал болды. Оның туындыларында кино тарихына деген құрмет пен сілтемелер жиі кездеседі және олар автордың саяси көзқарасын білдіріп отырды. Годар экзистенциализм мен маркстік философияның құмар оқырманы болды, ал 1969 жылы саяси еңбектерді насихаттау үшін басқа да радикалды кинематографистермен бірге «Дзига Вертов тобын» құрды.

«Жаңа толқыннан» кейін оның саяси ұстанымдары онша радикалды болмады, ал кейінгі фильмдері адамзаттық қақтығыстар мен өнердегі бейнелеу мәселелерін «маркстік емес, гуманистік тұрғыдан» қарастыра бастады.

Годар үш рет үйленген: оның жұбайлары актрисалар Анна Карина мен Анн Вяземски (екеуі де оның бірнеше фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған), сонымен қатар ұзақ жылдар бойы серігі болған Анн-Мари Мьевиль. Оның Каринамен бірге түсірген «Өз өмірімен өмір сүру» (Vivre sa vie, 1962), «Бөлек топ» (Bande à part, 1964) және «Ессіз Пьеро» (Pierrot le Fou, 1965) туындыларын Filmmaker журналы «кино тарихындағы ең ықпалды еңбектер жиынтығы» деп атады.

1987 және 1998 жылдары ол екі мәрте құрметті «Сезар» сыйлығымен, ал 2010 жылы құрметті «Оскар» сыйлығымен марапатталды.

2002 жылғы Sight & Sound сауалнамасында Годар барлық уақыттағы үздік он режиссердің арасында үшінші орынға ие болды.

Жоғары