| Берікқара терегі | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Populus caspica (Bornm.) Bornm | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Populus triloba Dode |
Берікқара терегі , Берқара терегі (лат. Populus caspica, Populus berkarensis) – талдар тұқымдасының терек туысына жататын ағаш. Қаратау жотасындағы Берікқара қорықшасының солтүстік беткейінде, 1000 — 1200 м биіктікте топтана өскен кішкене тоғайы белгілі. Теректің биіктігі 10 — 12 м, бұталары жайыла өскен. Жас бұтақшаларын ақ түсті түк басқан. Жапырақтары қалың, сағағының ұзындығы 6 см., ені 5 см. Жас жапырақтарының астыңғы жағы ақ киіз сияқты түкті, бет жағы тықыр. Берікқара терегі — қос үйлі өсімдік, тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуірде гүлдейді, маусымда жемістенеді. Берікқара терегі — сирек кездесетін, жойылып бара жатқан эндемик түр болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 1970 жылдан Берікқара ботаникалық қорықшасында қорғалады.
- Талдар тұқымдасы
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер