| Израиль-Иран соғысы | |||
| Негізгі қақтығыс: Таяу Шығыстағы соғыс (2023 жылдан) | |||
| Израильдің Иран даусы ғимаратына соққысы | |||
| Дата | 13–25 маусым 2025 жылы (12 күн) | ||
|---|---|---|---|
| Орын | Иран, Израиль, Батыс жағалау | ||
| Статусы | 24 маусымнан уақытша бейбітшілік | ||
| Қарсыластар | |||
| |||
| Қолбасшылары | |||
| |||
| Шығындар | |||
| |||
| Жалпы шығындар | |||
| |||
2025 жылғы 13 маусымда Израиль Иранның әскери және ядролық нысандарына тосын шабуыл жасап, екі ел арасында толыққанды қарылу қақтығыс басталды. Бұл қақтығыста Иранды хуситтер, Израильді Америка Құрама Штаттары қолдайды. Соғыстың бастапқы сағаттарында Иранның басты әскерилері, ядролық энергетиктері және саясаткерлері (соның ішінде АҚШ-пен келіссөз жүргізген Әли Шамхани) өлтірілген еді, елдің ядролық, әскери нысандарына соққы жасалған болатын. Осыған жауап ретінде Иран Израильдің әскери нысандарына, қалаларына ракета атқан. Америка Құрама Штаттары соғыс басталғалы Израильді қорғап жүретін де, 22 маусымда Иранның үш ядролық нысанын бомбалап, осылайша қақтығысқа тікелей кірді. Йемендегі хуситтер осы кездері Израильге бірнеше ракета атқан болатын.
Қақтығыс онжылдықтар бойы жалғасқан екі ел арасындағы жағымсыз қатынастардың шиеленісі деп сипатталады. Иран Израильдің егемендігіне күмән келтіріп, ыдырағанын талап етіп жүрсе, Израиль Иранның ядролық бағдарламасын қауіп-қатер деген. Газа соғысына әкелген 7 қазан шабуылы мен кейінгі Таяу Шығыстағы дағдарыс барысында екі ел арасындағы бәсеке тікелей қақтығысқа айналды. Соққыларын Израиль Иранның одақтас жасақтарын, соның ішінде Хамас пен Хезболланы аса әлсіреткесін бастаған. Екі ел 2024 жылғы сәуір мен қазанда бір-біріне соққы жасаған болатын. Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтін келісім жасалуына АҚШ президенті Дональд Трамп екі ай берген еді. Израильдің шабуылы осы мерзімнің аяқталғанынан кейін орын алған. Израиль соққысына бір күн қалғанда Атом қуаты халықаралық агенттігі (АҚХА) 20 жылда тұңғыш рет Иранның ядролық шарттарына бағынбайтынын хабарлады.
Израиль шабуылдары нәтижесінде Иранның бірнеше әскери қолбасшысы, Ислам революциясы сақшыларының корпусы (ИРСК) басшылығының бөлігі, елдің кем дегенде 10 басты ядролық энергетигі және Иран денсаулық сақтау министрлігі мен оппозицияшыл HRANA ақпаратынша 200-ден астам Иран бейбіт халқы қаза тапқан. Иранның бірінші жауап шабуылында шамамен 100 ракета мен 100 дрон қолданылды.
24 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран бейбітке келді деп хабарлады, бастапқы бағынбауға қарамастан 25 маусымдағы жағдай бойынша бейбіт жалғасып жатыр.
Реакциясы
Соғыс басталған соң АҚШ, Ұлыбритания және Иордания сияқты елдер Иранның жауап шабуылдарындағы дрондарды перехват етуге көмектесті, ал президент Дональд Трамп Израильдің әрекетін қолдап, оны "ядролық қатерге қарсы превентивті шара" деп бағалады. Ресей мен Қытай шабуылды "агрессия актісі" деп айыптады, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл отырыс өткізіп, тоқтатуға шақырды, бірақ тұрақты шешім қабылданбады.
Аймақтық реакциялар
Ливандағы "Хезболла" Иран жағында шығып, Израильдің солтүстік базаларына зымыран атты, ал Йемен хуситтері теңіздегі кемелерге шабуыл жасауын күшейтті. Түркия және Сауд Арабиясы нейтралды ұстанымды сақтап, шидың бағасының өсуінен қорқып, дипломатиялық алаңдаушылық білдірді, ал Еуропа Одағындағы елдер санкциялар енгізу туралы талқылады.
Қазақстанның реакциясы
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі соғысты "алаңдатарлық" деп бағалап, бейбітшілік шақыруымен шектелді, өйткені ши экспортына байланысты экономикалық әсер күшейді (негізінен мұнай бағасының 20%-ға өсуі). Еуразия Экономикалық Одағы елдері де ұқсас позицияны ұстанды, жанама әсерді азайту үшін транзит жолдарын қайта бағалады.
Ескертпелер
- Соғыс басталғалы тікелей емес араласқан, 22 маусымнан бері толыққанды қатысады
- Хуситтер Иранмен Израильге 13 маусымнан-ақ атыс жасаған.
- Иран соққыларынан қорғауда болған бір израильдік әйелдің жүрегі тоқтады да, ол қайтыс болды.
- 54 Хузистан аймағында
22 Құм аймағында
30 Һамадан аймағында
5 Лұрстан аймағында
28 Тегеран аймағында
- 2025 жылғы қақтығыстар
- 2025 жылдағы Израиль
- 2025 жылдағы Иран