| Нарын таңы | |
| Narın tañı | |
| Иесі | «Атырау-Ақпарат» ЖШС |
|---|---|
| Бас редакторы | Аслан Мұратов |
| Құрылған жылы | 1953 |
| Тілі | |
| Бас кеңсесі | Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй. |
| | |
| https://naryntany.kz/ | |
«Нарын таңы» — Атырау облысы, Исатай аудандық қоғамдық газеті. Алғашқы саны «Малшылар үні» деген атпен 1953 ж. 18 ақпанда жарық көрді. Новобогат (Исатай) ауданының осы кезең ішінде таратылып, қайта құрылуына байланысты газет те бірнеше рет жұмысын тоқтатты. 1991 жылдың 1 қаңтарынан тұрақты шыға бастаған «Нарын таңы» газеті аудан мұнайшыларының, Нарын құмы малшыларының, Теңіз жағалауын мекен еткен еңбеккер қауымның тыныс-тіршілігін кеңінен көрсетеді, жұртшылықты аудан алдындағы саяси-шаруашылық міндеттерді орындауға үндейді. Газет мәдени, рухани өмірге, халықтық салт-дәстүрлерді дәріптеуге ден қояды. Алғашқы жылдарда газетке Т. Сатқанбаев, М. Шәріпов, кейінірек Қ. Батыров басшы болды. Қазіргі уақытта бас редакторы Жайна Мәлімқожа. Таралымы 1000 дана (2000 ж.).
Құрылтайшылары — аудандық әкімшілік, аудандық мәслихат және редакция ұжымы. Аптасына 1 рет шығады.
- Алфавит бойынша газеттер
- Қазақ тілді газеттер
- Атырау облысы газеттері