Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Термоэлектрондық эмиссия — вакуум немесе басқа орта ішінде қызған денелерден (эмиттерлерден) электрондардың шығарылуы. 1882 жылы ашылған, термоэлектрондық эмисс

Термоэлектрондық эмиссия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Термоэлектрондық эмиссия — вакуум немесе басқа орта ішінде қызған денелерден (эмиттерлерден) электрондардың шығарылуы. 1882 жылы ашылған, термоэлектрондық эмиссияны ағылшын физигі О.У. Ричардсон зерттеген. Термоэлектрондық эмиссия, негізінде, электрондық шамдар және басқа электровакуумдық және газразрядтық аспаптар жұмыс істейді.

Теріс электродтың жоғары температурасы кезінде одан термоэлектрондық эмиссия туады, ол газда біршама еркін электрондар санын тудырады. Одан әрі газдың оң зарядталған иондары теріс электродқа тартылады және де олардың кинетикаоық энергиясы жеткілікті жоғары болса, онда олар электродқа келіп соққан кезде, одан электрондарды жұлып ала алады.Бұл құбылыс екінші ретті электрондық эмиссия деп аталады. Қалыпты қысым және салқын катод кезінде екінші реттік электрондық эмиссия тек жоғары кернеу кезінде ғана пайда болады. Егерде катод қыздырылған болса, онда өздік разряд электродтардағы онша үлкен емес кернеу кезінде - ақ пайда болады. Мұндай разрядтың бір мысалы 1802 жылы орыс физигі В.В. Петров ашқан электрлік доға болып табылады.

Жоғары