| Войцех Щесный | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Войцех Томаш Щесный | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 18 сәуір 1990 (36 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Варшава, Польша | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 196 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 90 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | қақпашы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 25 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Войцех Томаш Щенсный (пол. Wojciech Tomasz Szczęsny; 18 сәуір 1990, Варшава, Польша) — поляк футболшысы, «Барселона» клубының қақпашысы.
Жастық шағы
Войцех Щенсный Варшава қаласында дүниеге келді. Футболмен айналыспас бұрын, Щенсный бал билері мен найза лақтыруды үйреніп жүрген. Оның әкесі Мацей — Польша құрамасының бұрынғы қақпашысы, ал оның ағасы Ян — Польша чемпионатының жетінші дивизионында Гвардия Варшава клубында ойнайтын қақпашы.
Клубтық мансабы
Легия Варшава
Войцех Щенсный жас ойыншы ретінде Варшавадағы Агрыколя клубының шәкірті болып табылады. Легия футбол клубының қақпашылар жаттықтырушысы Кшиштоф Довхан жас қақпашының шеберлігіне қатты әсерленіп, оны 15 жасында Легияның негізгі құрамының оқу-жаттығу жиынына қатысуға шақырды, содан кейін ол клубқа қосылды.
Арсенал
2006 жылдың қаңтар айында Щенсный лондондық Арсенал клубының жастар құрамына қосылып, 2008–09 маусымында резервтік командаға өтті. Войцех Щенсный алғаш рет Арсеналдың негізгі құрамының қосалқы құрамына 2009 жылдың 24 мамырында Сток Ситиге қарсы Премьер-Лига ойнында енгізілді, бірақ алаңға шықпады.
2009–10 маусымының басында Щенсный 53-нөмірді алып, негізгі құрамға шақырылды. 2009 жылдың 22 қыркүйегінде ол Англия Лигасы Кубогының үшінші раундында алғаш рет негізгі құрамда ойнап, Вест Бромвич Альбионды 2:0 есебімен жеңген ойында қақпасына доп жібермеді.
Брентфорд (жалға берілді)
2009 жылдың 20 қарашасында Щенсный Бірінші Лигадағы Брентфорд командасына бір айға жалға берілді. Ол екінші ойынында, Уиком Уондерерс командасынан 0:1 есебімен жеңілген ойынның екінші таймында пенальтиді қайтарды. 2009 жылдың 12 желтоқсанында Щенсный Брентфорд құрамында бесінші ойынын өткізіп, Лидс Юнайтед клубына қарсы бірнеше маңызды сейв жасап, ойынның үздік ойыншысы атағын алды. 22 желтоқсанда Арсенал жалға алу мерзімін 2010 жылдың 17 қаңтарына дейін ұзартуға келісті, кейін келісімшарт 31 қаңтарға дейін, ақырында 31 мамырға дейін ұзартылды.
Жетістіктері
Командалық
«Арсенал»
- Англия кубогы: 2013/14, 2014/15
- Англия суперкубогы: 2014
«Ювентус»
- Италия чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2019/20
- Италия кубогы: 2017/18
- Италия суперкубогы: 2018
«Барселона»
- Испания чемпионы: 2024/25
- Испания кубогы: 2024/25
- Испания суперкубогы: 2025
Сілтемелер
- Войцех Щенсный (90minut.pl)
| ||||||||||||||
| ||||||
- 18 сәуірде туғандар
- 1990 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Варшавада туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Арсенал Лондон ФК ойыншылары
- Польша футболшылары
- Рома ФК ойыншылары
- Ювентус ФК ойыншылары
- Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары