| Жерсон Родригес | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 20 маусым 1995 (31 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Прагал, Португалия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 188 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 82 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | АВС САД | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 9 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жерсон Родригес (люксемб. Gerson Rodrigues; 20 маусым 1995, Прагал, Португалия) — люксембургтік және португалиялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы
Жерсон Португалияда дүниеге келген. Балалық шағында Францияның "Мец" клубының академиясына қабылданды. Кәсіпқой карьерасын бастайтын шақта Люксембургтың "Свифт Эсперанс" клубына ауысып, бір маусым ойнады. 2014 жылы тағы бір люксембургтік команда — "Унион 05" сапына қосылды.
Бір маусымнан соң "Расинг Унионға" жалға берілді. 2016 жылы "Унион 05-ке" қайта оралды да, "Фола" клубына ауысты. Онда да бір маусым ғана ойнап, Нидерландының "Телстар" командасына қосылды, ол маусымда да бір маусымнан артық ойнаған жоқ. Осылайша 2013-19 жылдары алты командада доп тепті.
Ұлттық құрамада
Тарихи отаны Португалия құрамасына шақырылмайтынын біліп, Люксембург Ұлттық құрамасында ойнауға ниет білдірді де, 2017 жылы 25 мамыр күні тұңғыш рет құрама сапында Францияға қарсы ойында алаңға шықты.
Сілтемелер
- 20 маусымда туғандар
- 1995 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Прагалда туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Люксембург футболшылары
- Люксембург Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Шериф ФК ойыншылары
- Фола ФК ойыншылары
- Джубило Ивата ФК ойыншылары
