| Пит Хегсет ағылш. Pete Hegseth | ||||
Ресми портреті, 2025 | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 25 қаңтар 2025 жылдан бастап | ||||
| Президент | Дональд Трамп | |||
| Ізашары | Ллойд Остин | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Республикашыл | |||
| Білімі | Принстон университеті Гарвард университеті | |||
| Ғылыми дәрежесі | Өнер бакалавры Мемлекеттік саясат магистрі | |||
| Дүниеге келуі | 6 маусым 1980 (46 жас) Миннеаполис, Миннесота, АҚШ | |||
| Туған кездегі есімі | Питер Брайан Хегсет (ағылш. Peter Brian Hegseth) | |||
| Жұбайы |
| |||
| Балалары | 7 | |||
| Сайты | defense.gov | |||
| Әскери қызметі | ||||
| Қызмет еткен жылдары | 2003–2014 2019–2021 | |||
| Құрамында болды | ||||
| Әскер түрі | ||||
| Атағы | ||||
| Шайқасы | Ирак соғысы Ауғанстандағы соғыс | |||
| Марапаттары | ||||
| Пит Хегсет Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Питер Брайан Хегсет (ағылш. Peter Brian Hegseth,6 маусым 1980 жыл, Миннеаполис) — америкалық мемлекеттік қайраткер, жазушы, әскер ардагері, бұрынғы телевизия жүргізушісі, 2025 жылғы қаңтардан бергі АҚШ Қорғаныс министрі.
Принстон университетінде оқуын бітіргеннен кейін Хегсет Bear Stearns-та аналитик болды. 2003 жылдан 2014 жылға дейін және 2019 жылдан 2021 жылға дейін ол Ұлттық ұланның жаяу әскерінде қызмет етті де, майор атағын алды. 2005 жылғы Ирак соғысындағы қызметі үшін Қола жұлдызымен наградталды, 2014 жылы өз қалауы бойынша Ауған Ұлттық қауіпсіздік күштерін оқытты. Әскери қызметінен кейін Хегсет консерватив және республикашыл саясаттағы белсенді тұлға болды да, 2014 жылдан бастап Fox News-тағы саяси комментатор еді.
2016 жылы Хегсет Дональд Трамптың 2016 жылғы кампаниясын қолдап кетті де, Трамптың бірінші президенттігі кезінде оның кеңесшісі еді. Хегсет ұсынысын тыңдаған Трамп 2019 жылы әскери қылмыс үшін айыпталған үш сарбазға қайырымдылық берді. Трамптың Хегсетті Ардагер істері министрі лауазымына ұсынғысы келген еді, алайда орнына Дэвид Шулкин тағайындалды. Трамп екінші кабинетіне Хегсетті Қорғаныс министрі ретінде ұсынған келіп еді, алайда сол кезде Хегсет жыныстық теріс қылық жасау, қаржыны бұрыс басқару және қоғамдық жерде мас болу деген айыптар көрді, оларды Хегсет мойындамады. Хегсет аса консерватив саяси ұстанымға ие, кейбір дереккөздер оны христиан ұлтшыл деп те сипаттады.
Дональд Трамп Хегсетті Қорғаныс министрі лауазымына ұсынды да, оны Сенат 2025 жылғы 24 қаңтарда 51–50 дауыспен бекітті, вице-президент Джей Ди Вэнс тең түскен дауысты шешкен еді.
Ерте жылдары
Пит Хегсет Миннеаполис, Миннесотада туған. Ол Форэст Лэйк маңында тәрбиеленді. 2003 жылы Хегсет Принстон университетіндегі оқуын бітірді де, 2013 жылы Гарвард университеті Джон Ф. Кеннеди атындағы Басқару мектебін Мемлекеттік саясат магистрі дәрежесімен аяқтады.
Әскери мансабы
2003 жылғы Принстон оқуын бітіргенінен кейін Хегсет Bear Stearns-та жұмысқа орналасты. Ол, оған қоса, Миннесота Ұлттық ұланындағы офицер ретінде қызмет етті. 2004 жылы ол Гуантанамо әскери базасына барды да, сол жерде атқыштар взводының командирі болды. Хегсет өз қалауынша Бағдат пен Самаррада қызмет етті. Ирактағы қызметі үшін ол Қола жұлдызы мен Әскери жаяу әскер белгісімен марапатталды. 2012 жылы ол капитан ретінде әскери қызметіне оралды. 2015, не 2016 жылға қарай ол майор болды да, резервтегі әскерге түсті.
2020 жылы Хегсет өз қалауынша Джо Байденді инаугурациясы кезінде қорғамақ болған шамамен 25 000 сарбаздың бірі болды, алайда «онлайн түрде экстремист жазба» жасаған «оңшыл әскери топтар» мүшесі болғаны үшін бұл жұмысқа қабылданбады.
АҚШ Сенатына кампаниясы
2012 жылы Хегсеттің АҚШ Сенатына Миннесотадан сайланғысы келді. 2012 жылғы тамыздағы праймеризге дейін болған мамырдағы конференцияда ол сайлауалды кампаниясын тоқтатты.
Fox News
Хегсет Fox News-ке 2014 жылы келді. 2018 жылғы қарашада ол Fox News арнасының All-American New Year бағдарламасының қос жүргізушісі болды. Ол жиі Unfiltered with Dan Bongino бағдарламасының қонағы да еді. 2017 жылдан 2024 жылға дейін ол Fox & Friends бағдарламасының қос жүргізушісі еді.
АҚШ Қорғаныс министрі
2024 жылғы қарашада жаңадан президент сайланған Дональд Трамп Хегсетті АҚШ Қорғаныс министрі лауазымына тағайындайтынын жариялады.
Бірнеше күннен кейін бір әйел Трамп тобына хат жазып, Хегсеттің 2017 жылы оған қарсы жыныстық қылмыс жасағанын айтты. Бұдан кейін бірнеше сенатор Хегсеттің лауазымға тағайындалуы жайлы уайымдады.
2025 жылғы 14 қаңтарда Хегсет Сенат Қарулы Күштер Комитеті алдында шықты. Хегсет өзінің жыныстық қылмыс жасағаны, қоғамдық жерде мас болғаны сияқты айыптарды жоққа шығарды.
21 қаңтарда сенаторларға Хегсеттің бұрынғы қайын әпкесі Даниэль Хегсеттен аффидевит келді. Ол жерде Даниэльдің Хегсеттің жаман мінез-құлқын көргені және «Хегсеттің алкогольді асыра пайдалану мәселесі бар» деп сенетіні, оның «бұрынғы әйелі Самантаға қиянат жасады» деп сенетіні және Самантаның «өз жеке қауіпсіздігі үшін қорқатындықтан Хегсеттен шкафында жасырынғанын» айтқаны бар. Хегсет аффидевиттің мәліметін жоққа шығарды.
2025 жылғы 24 қаңтарда сенаторлар арасындағы дауыстар тең түсті де, шешуші дауысты АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс жасады. Нәтижесінде Хегсет 51–50 дауыс қатынасымен АҚШ Қорғаныс министрі лауазымына қабылданды. 25 қаңтарда Хегсет антын берді де,Дональд Рамсфелдтен кейінгі лауазымға тағайындалған екінші ең жас адам болды.
Өз өмірі
Хегсет пен тұңғыш әйелі Мередит Шварц 2009 жылы ажырасты. 2010 жылы ол екінші әйелі Саманта Дирингке үйленді. Олардың үш баласы бар. Хегсет отбасымен бірге Нашвилл, Теннессиде тұрады.
2017 жылғы тамызда Хегсет пен Fox News атқарушы продюсері Дженнифер Рочеттің қыз баласы туған, Хегсет бұл кезде Дирингке үйленген еді. 2017 жылғы тамызда ол Дирингпен ажырасты. Хегсет пен Рочет 2019 жылғы тамызда үйленді.
Ескертпелер
- Dominion Voting Systems-ке Fox News Network қарсы сот ісінде Хегсеттің тегі 'Huegseth деп жазылған.
- 6 маусымда туғандар
- 1980 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Миннеаполиста туғандар
- Қола жұлдыздың (АҚШ) иегерлері
- Әскер мақтау медалінің иегерлері
- АҚШ әскерилері
- АҚШ тележүргізушілері
- Майорлар (АҚШ)
- Джон Ф. Кеннеди атындағы Басқару мектебі түлектері
- Ауғанстандағы соғыстың (2001—2021) қатысушылары
- Ирак соғысының қатысушылары
- Принстон университеті түлектері
- АҚШ қорғаныс министрлері
- Дональд Трамптың екінші кабинеті

