Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Азқылтанды құрттар (Оlydochaeta) – буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта, кейбір түрле

Азқылтанды құрттар

  • Басты бет
  • Азқылтанды құрттар

Азқылтанды құрттар (Оlydochaeta) – буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта, кейбір түрлері теңіздерде тіршілік етеді.

Азқылтанды құрттардың арасында ұзындығы бірнеше см-ден 3 м-ге (Мegascolіdes australіs) жететіндері де кездеседі.

Жауын құрты

Ірі түрлері тек тропиктік аймақта тіршілік етеді.
Азқылтанды құрттардың денесі қайталанып отыратын 500 – 600 біркелкі сақиналардан тұрады.
Дене сегменттерін сыртынан тығыз жамылғы (қабықша) жауып тұрады. Көпшілік түрлерінің терісінде әр түрлі шырындар шығаратын тері бездері, әр түрлі түс беретін пигменттер бар. Жүйке жүйесі көмегімен сыртқы дүниені сезіне алады, бірақ көбінің көзі болмайды.

Жануарлар дүниесінде алғашқы қан айналу жүйесі Азқылтанды құрттарда пайда болған.
Топырақта өмір сүретіндері терісі арқылы, ал теңізде тіршілік ететіндері желбезектерімен тыныс алады.
Азқылтанды құрттар балдырлармен, бактериялармен, әсіресе, өсімдіктердің шіріген қалдығымен қоректенеді.
Көбею жолы қос жынысты (гермофродит), тура дамиды (метаморфозсыз).
Қазақстанда көп тараған түрі – жауын құрты. Олар топырақ құнарлылығын арттырады. Ал суда тіршілік ететін түрлерін балықтар қорек етеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Осака (қала)

  • Сәуір 06, 2026

    Енисей қырғыздары

  • Наурыз 10, 2026

    Жүсіпбек Аймауытов

  • Сәуір 04, 2026

    Қазақстан Конституциясы

  • Сәуір 03, 2026

    Сөз түбірі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары