| Эрнст Хаппель | |||||||||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 29 қараша 1925 | ||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Вена | ||||||||||||||||||||||||
| Қайтыс болған күні | 14 қараша 1992 (66 жас) | ||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 178 | ||||||||||||||||||||||||
| Позиция | қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Эрнст Франц Герман Хаппель (нем. Ernst Franz Hermann Happel; 29 қараша 1925, Вена — 14 қараша 1992, Инсбрук) — аустриялық футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1954 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Мансабы
1938 жылы туған клубы "Рапидтің" жастар клубына қабылданды. Карьерасында ұзақ жылдар бойы "Рапид" клубында доп тепті. Тек 1955 жылы "Расинг" (Париж) клубына ауысып, бір маусымнан соң қайта оралды.
Аустрия Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет 1945 жылы алаңға шықты. 1958 жылғы әлем чемпионатына қатысты да, сол жылы қыркүйекте құрамадағы карьерасына нүкте қойды. Соңғы ойынын 14 қыркүйекте (құрамадағы карьерасын дәл осы 14 қыркүйекте бастаған болатын) Югославияға қарсы өткізді (3:4).
1959 жылы карьерасын аяқтады да, 1962 жылы бапкерлікке кірісті. 1970 жылы "Фейеноорд" клубын жаттықтырып, Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Осы жетістігін 1983 жылы "Гамбургты" жаттықтырушысы ретінде қайталады.
1978 жылы Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының тізгінін ұстап, сол жылғы әлем біріншілігінде финалға дейін жетті де, Аргентинадан 1:3 есебімен ұтылды.
1991 жылы Аустрия құрамасының тізгінін ұстады.
Бір жылдан соң Инсбуркте ақ қан ауруынан өмірден өтті. Көп ұзамай Венадағы "Пратер" стадионына Хаппельдің аты берілген.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
- Аустрия чемпионы (6): 1946, 1948, 1951, 1952, 1954, 1957
- Аустрия кубогы: 1946
- ӘЧ қола жүлдегері: 1954
Бапкер ретінде
- Ұлттық турнирлерде
- Нидерланд чемпионы : 1971 («Фейеноорд»)
- Нидерланд кубогы: 1968 (АДО)
- Бельгия чемпионы (3): 1975/76, 1976/77, 1977/78 («Брюгге»)
- Бельгия кубогы (2): 1977 («Брюгге»), 1981 («Стандард»)
- Германия чемпионы (2): 1982, 1983 («Гамбург»)
- Германия кубогы: 1987 («Гамбург»)
- Аустрия чемпионы (2): 1989, 1990 («Сваровски-Тироль»)
- Аустрия кубогы: 1989 («Сваровски-Тироль»)
- Халықаралық
- Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2): 1970 («Фейеноорд»), 1983 («Гамбург»)
- Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы: 1970 («Фейеноорд»)
- Құрамада
- ӘЧ финалисі: 1978 (Нидерланд)
Сілтемелер
- Эрнст Хаппель жайлы мақала 24 мамырдың 2010 жылы.
- Профиль (rapidarchiv.at) 7 қазанның 2008 жылы.
- 29 қарашада туғандар
- 1925 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Венада туғандар
- 14 қарашада қайтыс болғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Аустрия футболшылары
- Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Аустрия футбол жаттықтырушылары
- Аустрия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Рапид Вена ФК ойыншылары
- Фейеноорд ФК жаттықтырушылары
- Гамбург ФК жаттықтырушылары
- Брюгге ФК жаттықтырушылары
- Стандард Льеж ФК жаттықтырушылары
- Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Севилья ФК жаттықтырушылары