Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бояулық риян (лат. Rubia cretacea) - риян тұқымдасы, риян туысына жататын көп жылдық, кейде білеутамырлы бұташық өсімдік. Ембі өзені мен Үстірттің солтүстігінде

Бор рияны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Rubiaceae
Кіші тұқымдасы: Rubioideae
Тегі: Rubia
Түрі: R. cretacea
Екі-есімді атауы
Rubia cretacea
Pojark.

Бояулық риян (лат. Rubia cretacea) - риян тұқымдасы, риян туысына жататын көп жылдық, кейде білеутамырлы бұташық өсімдік. Ембі өзені мен Үстірттің солтүстігіндегі бор жыныстарынан тұратын беткейлерде жеке түп болып кездеседі. Оның жатыңқы, жуандау сабақтарының биіктігі 20 – 50 см, сырты қырлы, жоғары жағы тікенді келеді. Боз, жасыл түсті етжең жапырақтары сопақ пішінді, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1 – 1,5 см, 2 – 3-тен шоғырлана орналасады. Жапырақтарының шеті мен асты ілгекше тікенекті келеді. Сары түсті сирек гүлдері жартылай шатырша тәрізді, олар сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі қара түсті, ұзындығы 3 – 4 мм-дей. Бор рияны өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жоғары