Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сомбреро галактикасы (Messier 104, ағылш. M 104, NGC 4594, қаз. Мессье 104, М104, «Шиқалпақ галактикасы» деп те атауға болады, «сомбреро» Мексикалық қалпақ үлгі

Сомбреро галактикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шиқалпақ мағынасындағы Сомбреро галактикасы

Сомбреро галактикасы (Messier 104, ағылш. M 104, NGC 4594, қаз. Мессье 104, М104, «Шиқалпақ галактикасы» деп те атауға болады, «сомбреро» Мексикалық қалпақ үлгісін көрсетеді) — Бикеш шоқжұлдызындағы Sa-Sb түріндегі спиралді (үйрілмелі) галактика есептеледі. Оның жарқырауы +8.7, жерден 28 млн жарық жылы қашықтықта орналасқан. Бұл галактиканың диаметрі шамамен 50 000 жарық жылы, үлкендігі Құс жолы галактикасының 30% -шамасында.

Астрономдар алғашында оны сақинасы кішкентай, нәзік спиралді галактика деп түсінген болатын. Бірақ Спитцер ғарыш телескобы түсірген суреттерге негізделгенде, айналасындағы "қалпақ жиегі жолағы" бұрынғыдан әлдеқайда ауқымды эллипис галактика екендігі мәлім болды. Бұл галактиканың жұлдыз шамасы +9.0 болып, жай телескоптармен де байқауға болады. Кейбіреулердің айтуынша, Сомбреро галактикасы Құс жолының 10 млн мегапарсек (megaparsecs) радиусы аумағы ішіндегі ең жарық галактика есептеледі екен.

Ол өзегінде Қара құрдымы бар, жарқырауы күшті алып галактика есептеледі. Оның әсіресе экваторға жақын аумағында жұлдызара тозаңнан құралған қараңғы өңір бар. Оның келбеті көркем болғандықтан көптеген обсерваториялардың, тіпті кейбір арнаулы сурет түсіретін астроәуесқойлардың маңызды нысанына айналған.

Байқалуы

Ол 1781ж. 11 мамырда Мессьенің бақылауы барысында тұңғыш рет тіркелді және ол Мессье екінші рет жасаған Галактикалар мен Тұмандықтар тізіміне енді.

Ол сондай-ақ ең алғаш байқалған жарығының қызылға жылжуы өте күшті аспан денесі есептеледі. Лоуэлл обсерваториясының жетекшісі V.M. Slipher-дің 1912 жылғы өлшеуі арқылы ол секундына 1000 км жылдамдықпен бізден барынша алыстап барады.

Ядросы

Сомбреро галактикасының (М104) ядросы зерттеулер арқылы Атқылау ядросы төмен ионданған өңірден (АЯТИӨ, немесе LINER, Low ionization nuclear emission region) құралғаны мәлім болды. Өзек өңірден ионданған газдар байқалады, тек олар әлсіз ионданған (яғни, атомдар тек аз санды электрондарын ғана жоғалтқан). Ионданған газдардың энергиясы әлі де таласты тақырып болып келеді. Кейбір бұл түрдегі галактикалардың энергиясы жұлдыз қалыптасу өңіріндегі өте ыстық жас жұлдыздардан келсе, кейбірінде энергияны галактика өзегі қамдайды (әсіресе аса алып қара құрдымы бар өңірден келетін энергия). Инфрақызыл спектроскопияны бақылау арқылы Сомбреро галактикасының өзегінде жұлдыз пайда болу әрекеті байқалмады. Бірақ бір Аса алып қара құрдым бар екені расталуда. Ол Сомбреро галактикасының газының иондануын энергиямен қамдап жатса керек.

Хаббл ғарыш телескопымен (HST) тартылған Сомбреро галактикасы (M104), сурет иесі: HST/NASA/ESA.

Өзегіндегі Қара құрдым

1990 жылы John Kormendy басшылығындағы зерттеу тобы аталған галактика өзегінде аса алып қара құрдым бар екенін анықтады. Аталған топ CFHT телескопы мен Хаббл ғарыш телескопының спектроскоптық деректеріне негізделіп, бұл галактиканың ядросының массасы күн массасының 1 млрд есесіндей (109Mʘ) үлкен болғанда ғана (аса алып қара құрдым шамасында) бұл галактиканың ядросындағы жұлдыздар өзгерісінің жылдамдығын оң түсіндіруге болады деп есептеді. Бұл жақын галактикалар арасында мөлшерленген ең алып Қара құрдым есептеледі.

Синхротронды сәулелену

Радио және рентген толқын ұзындығы өңіріне сай Сомбреро галактикасының өзегіндегі синхротронды сәулеленуі күшті екені байқалады. Синхротронды сәулелену әдетте жоғары жылдамдықтағы электрон күшті магнит өрісі өңірінен өткендегі тербелістен пайда болады. Бұл құбылыс қозғалыстағы галактика өзегінде біршама жалпыласқан. Галактика ядросындағы кейбір синхротронды сәулелену уақытқа сай өзгергенімен, Сомбреро галактикасының радиомагнитті сәулеленуінің қарқын өзгерісі 10-20% шамасында.

Толық айқындалмаған субмиллиметрлік радиация

2006 жылы екі зерттеу тобы аталған галактикадан толқын ұзындығы 850 микрон болатын субмиллиметрлік радиация байқағанын жариялады. Бұл субмиллиметрлік радиация жұлдызара шаңдардан (әдетте инфрақызыл сәулесі және субмиллиметрлік толқын диапазонында кездесетін) пайда болмаған, синхротронды сәулеленуден (әдетте радиотолқынында кездесетін) пайда болмаған, ыстық газдың тежегіш сәулеленуінен (әдетте субмиллиметрлік радиацияда кездесетін) пайда болмаған, молекулалық газдан (субмиллиметрлік радиация спектрінде кездесетін ) пайда болмаған, оның қайнары әлі күнге белгісіз болып қалуда.

Қатысты суреттер

infrared image of Sombrero galaxy
Жоғары