| Ауыл | |
| Мұғалжар | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Мұғалжар |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 48°35′07″ с. е. 58°27′40″ ш. б. / 48.58528° с. е. 58.46111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°35′07″ с. е. 58°27′40″ ш. б. / 48.58528° с. е. 58.46111° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼1615 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 04 |
Мұғалжар шекарасы | |

Мұғалжар — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Мұғалжар ауылдық округі орталығы.
Аудан орталығы – Қандыағаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 км-дей жерде, Үлкен Боқтыбай тауының солтүстік етегінде. Мұғалжарда қиыршық тас ұсататын зауыт, бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Мұғалжар арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді. Елді мекен арқылы Ақтөбе-Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз-Темірбек Жүргенов тас жолы өтеді
1999 жылы тұрғындар саны 1630 адам (825 ер адам және 805 әйел адам) болса, 2009 жылы 2045 адамды (1058 ер адам және 987 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1615 адамды (845 ер адам және 770 әйел адам) құрады.