
Дабыл жарғағы (лат. membrana tympani, membrana - жарғақ, tympani — дабыл) - сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұратын жұқа жарғақты терілі құрылым; сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұратын жұқа жарғақ.
Оның негізін сәулелі және сақинаша бағыттарда орналасқан дәнекер ұлпасының талшықтары құрайды. Дабыл жарғағының ішкі бетіндегі кілегейлі қабық-жалаң қабат жалпақ эпителиймен астарланған. Дабыл жарғағын сыртынан көпқабатты жалпақ эпителий қаптап жатады. Дабыл жарғағының орта тұсына балғаша сүйекшенің (есту сүйекшесі) тұтқасы бекиді. Дабыл жарғағы — ауадағы дыбыс тербелістерін ортаңғы құлақтағы бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелеріне (балғаша, төс, жасымықша, үзеңгіше сүйекшелер) жеткізеді.
- Биоморфология
- Биология
- Морфология
- Ғылым