| Әйкен Мұсабекова | |||||
| Туған күні | 24 қаңтар 1919 | ||||
|---|---|---|---|---|---|
| Туған жері | Қарағанды, Қазақ АКСР | ||||
| Қайтыс болған күні | 7 маусым 1992 (73 жас) | ||||
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан | ||||
| Азаматтығы |
| ||||
| Қызметі | актриса, әнші (колоратуралық сопрано) | ||||
| Театр | Қарағанды облыстық қазақ драма театры (1937—1956), | ||||
| Марапаттары | | ||||
Әйкен Мұсабекова (24 қаңтар 1919, Қарағанды, Қазақ АКСР - 7 маусым, 1992, Алматы) - актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі (1985). Қазақ КСР халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың әйелі. Драма спектакльдерде көптеген рөльдерді орындаумен көрермендер ілтипатына бөленді.
Өмірбаяны
1936 - 1937 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды.
1937 -1955 ж. Қарағанды облысы қазақ драма театрының кұрамында қызмет етті.
1956 жылдан бастап М. Әуезов атыындағы Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды.
Театрдағы рөлі
- Алғашқы ойнаған рөлі - М.Әуезовтің "Түнгі сарын" драмасындағы Маржан.
- Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғында")
- Айман (М.Әуезовтің "Айман - Шолпанында") т.б. рөлдерде ойнады.
- Еңлік, Текті (Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Қарагөзінде")
- Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көриеш - Баян сұлуында" және "Ақан сері- Ақтоқтысында")
- Зәуре (Б.Майлиннің "Майданында")
- Әйгерім (Әуезов иеи Л.С. Соболевтің "Абайында")
- Сымбат (Ә.Әбішевтін "Армандастарында")
- Айбарша (Ә.Тәжібаевтың "Майрасы")
- Айша (Т.Ахтановтың "Сәулесінде")
- Тана (Қ,Сатыбалдиннің "Қабаған итінде")
- Шәрбану (З.Шашкиннің "Акын жүрегінде")
- Жиһан (Ж.Файзидің "Башмағында")
- Эмилия (У.Шекспирдін "Оте.длосында")бар.
Марапаттары мен атақтары
- Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі;
- 1958 жылдан киноға түскен. "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.
- 24 қаңтарда туғандар
- 1919 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қарағандыда туғандар
- 7 маусымда қайтыс болғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Тұлғалар