Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[http://en.study-hungary.com/universities/elte Study in Hungary: ELTE]"},"Ұраны":{"wt":""},"Құрылған жылы":{"wt":"[[1635]]"},"Түрі":{"wt":""},"Бюджет":{"wt":""}

Будапешт университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Будапешт университеті
Университет атауы
Халықаралық атауы Eötvös Loránd Tudományegyetem
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1635
Орналасуы
Орналасқан жері Будапешт
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Сайты http://www.elte.hu/
Дунай бойындағы университет корпустары
Құқық және саяси ғылымдар факультетінің корпусы

Будапешт университеті немесе Лоранд Этвёш атындағы университет (маж. Eötvös Loránd Tudományegyetem) — Мажарстанның ірі университеті. «Утрехт желісі» қауымдастығына кіреді.

Тарихы

1635 жылы Трнава қаласында (қазіргі Словакия) Петер Пазмань екі: еркін өнер және теология факультеттері бар -университеттің негізін қалады. 1667 жылы заң факультеті ашылды. 1777 жылы университет Трнавадан Будаға көшірілді, ал 1784 жылы — Пештке.1844 жылға дейін оқыту латын тілінде жүргізілген. 1895 жылдан бастап әйелдер де Будапешт университетінде оқу мүмкіндігіне ие болды. 1921—1950 жылдары университет өзінің қалаушысының құрметіне Петер Пазмань университеті болып аталған, ал 1950 жылы Лоранд Этвеш физигінің құрметіне жаңа атау алды.

Қазіргі кезде университетте 1500 оқытушы мен 30 000 студент бар.

Университеттің атаулары:

Жыл Атауы Түпнұсқалық аты (маж.)
1769-1777 Трнав университеті / Надьсомбат университеті Nagyszombati Egyetem
1777-1784 Буданың корольдік университеті Budai Királyi Egyetem
1784-1848 Венгр корольдік университеті Magyar Királyi Egyetem
1848-1849 Венгр университеті Magyar Egyetem
1849-1861 Пештаның империялық және корольдік университеті  Császári és Királyi Pesti Egyetem
1861-1873 Венгр корольдік ғылыми университеті
Magyar Királyi Tudományegyetem
1873-1918 Будапешттің корольдік венгр ғылыми университеті 
Budapesti Királyi Magyar Tudományegyetem
1918-1919 Будапешттің венгр ғылыми университеті Budapesti Magyar Tudományegyetem
1919-1921 Будапешттің корольдік венгр ғылыми университеті Budapesti Királyi Magyar Tudományegyetem
1921-1945 Петер Пазмань атындағы будапешттік корольдік венгр ғылыми университет Budapesti Királyi Magyar Pázmány Péter Tudományegyetem
1945-1950 Петер Пазмань атындағы ғылыми университет
Pázmány Péter Tudományegyetem
1950- Лоранд Этвёш атындағы ғылыми университет
Eötvös Loránd Tudományegyetem (ELTE)

Университет құрылымы

Қазіргі кезде университетте 8 факультет бар:

  • Құқық және саяси ғылымдар факультеті
  • Саяси ғылымдар факультеті
  • Гуманитарлық ғылымдар факультеті
  • Жаратылыстану ғылымдар факультеті
  • Информатика факультеті
  • Арнайы оқу факультеті
  • Педагогика және психология факультеті
  • Бастауыш мектеп педагогикасы факультеті

Алдында 1950 жылы болған теология факультеті Петер Пазмань атындағы католик университетіне берілді.

Алдында 1951 болған медицина факультетін Будапешт медициналық университетіне берілді.

Будапешт университетінің атақты ұстаздары мен түлектері

  • Ион Агырбичану — румын жазушы 
  • Йожеф Антал — Мажарстан премьер-министрі (1990—1993)
  • Винсент Бабеш — румын жазушы, редактор, Румын Академиясының мүшесі.
  • Бела Балаж — жазушы, драматург, кино теорияшылы 
  • Дьёрдь Бекеши — 1961 жылғы физиология мен медицина саласында Нобель сыйлығының иегері.
  • Андраш Бозоки — мемлекеттік және саяси қайраткер, политолог, социолог. Пулитцеров сыйлығының лауреаты (1993).
  • Иван Бойничич-Книнский — хорват тарихшысы
  • Арпад Гёнц — Мажарстан президенті (1990—2000)
  • Ласло Детре — астроном
  • Зольтан Кодай — композитор
  • Кальман Кертес (1867—1922) — энтомолог
  • Дьёрдь Лукач — философ
  • Ференц Мадл — Мажарстан президенті (2000—2005)
  • Карл Маннгейм — философ, социолог
  • Дьюла Моравчик — тарихшы, филолог
  • Джон фон Нейман — атақты математик
  • Виктор Орбан — Мажарстан премьер-министрі (1998—2002 және 2010 жылдан бастап)
  • Карл Поланьи — экономист, социолог
  • Вильмош Прёле — венгр тюркітанушы
  • Ладислав Салай — венгр мемлекеттік қайраткер, тарихшы, заңгер, журналис. Венгр ғылымдар академиясының мүшесі.
  • Альберт Сент-Дьерди—  1937 жылғы физиология мен медицина саласында Нобель сыйлығы
  • Янош Сентаготаи — венгр анатом және физиологы, функционалды нейрогистология мектебінің қалаушысы
  • Иван Стодола — словак жазушы және драматург
  • Матиас Фабер (1587—1653) — діни жазушы, иезуит, католиктік дін қызметшісі
  • Джон (Янош) Харсаньи —  1994 жылғы экономика саласында Нобель сыйлығының иегері
  • Дьёрдь Хевеши —  1943 жылғы Химия саласындағы Нобель сыйлығының иегері
  • Иштван Хиллер — венгр саяси және мемлекеттік қайраткер
  • Лайош Юраний — ботаник
  • Пол (Пал) Эрдёш — атақты математик
  • Лоранд Этвёш — атақты физик.
Жоғары