| Хорсборо ағылш. Horsburgh Island, малайша Pulo Luar | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 1,04 км² |
| Ең биік нүктесі | 9 м |
| Тұрғындар | 0 адам |
| Орналасуы | |
| 12°04′36″ о. е. 96°50′23″ ш. б. / 12.07667° о. е. 96.83972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 12°04′36″ о. е. 96°50′23″ ш. б. / 12.07667° о. е. 96.83972° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Архипелаг | Кокос аралдары |
| Акватория | Үнді мұхиты |
| Ел | |
| Аймақ | Аустралияның сыртқы аумақтары |
Хорсборо (ағылш. Horsburgh Island) — Үнді мұхитындағы Кокос аралдары архипелагына кіретін, Аустралия аумағындағы елсіз арал.
Географиялық орналасуы
Арал Норт-Килинг атоллынан оңтүстікке қарай 25 км, Перт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 2940 км, Дарвиннен батысқа қарай 3695 км, Рождество аралынан оңтүстік-батысқа қарай 960 км және Ява мен Суматра аралдарынан 1000 км-ден астам оңтүстік-батыста орналасқан.
Аралда теңіз құстарының көптеген түрлері мекендейді. Аралдың флорасы аса алуан түрлілігімен ерекшеленбейді, негізінен кокос пальмалары таралған. Жағалау суларындағы теңіз тіршілігі әрі бай, әрі теңіз фаунасының көптеген түрлерімен ұсынылған.
Климаты
Климаты муссонды, жазда жауын-шашын өте көп түседі, ал қыста олар мүлде жоқ десе да болады.
Жылдық орташа температура +24°С. Ең ыстық ай — қаңтар: +25°С, ең салқын ай — қыркүйек: +24°С.
Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 1557 мм. Ең жауын-шашынды ай — ақпан: 250 мм, ең құрғақ ай — қазан: ~23 мм жауын-шашын түседі.
Тарихы
Арал Британдық Шығыс Үндістан компаниясының шотландиялық гидрографы Джеймс Хорсбороның құрметіне аталған. Ол архипелагтың елсіз аралдарының бірін алғаш рет әрі едәуір егжей-тегжейлі сипаттаған карталар жинағының авторы болды.
Хорсбороның кітабы 1809–1811 жылдары жарық көріп, XIX ғасырдың ортасына дейін саяхатшылар мен кеме жүргізушілер арасында кеңінен қолданылды.
1941 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, аралдың оңтүстік нүктесінде британдық 6 дюймдік кеме зеңбіректерінен — BL 6 inch guns Mk II–VI тұратын артиллериялық батарея орналастырылды.
Гарнизонның көп бөлігі Британдық Цейлон аумағынан шақырылған әскери қызметшілерден тұрды (ағылш. Ceylon Garrison Artillery).
1942 жылдың 9 мамырына қараған түні қатаң тәртіпке көңілі толмаған цейлондық артиллеристер бүлік шығарды. Олар өз командирлері — британдық офицерлер Джордж Гардинер мен Генри Стивенсті тұтқындауға тырысып, «Азия — азиялықтар үшін!» ұранымен аралды Жапонияға бермек болды. Бұл ретте жапондықтардың өздері көтеріліс туралы тіпті білмеген еді.
Көтеріліс көп ұзамай басылды, ал оның ұйымдастырушысы бомбардир Гратьен Фернэндо және солдаттар арасынан шыққан екі серіктесі 1942 жылдың тамызында өлім жазасына кесілді. Қалған сегіз белсенді қатысушы да әскери-дала сотымен сотталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды және каторғаға кесілді. Олардың кейбіреулерінің өлім жазасы каторгалық жұмыстармен алмастырылды.
Бұл оқиға тарихқа Кокос аралдарындағы көтеріліс ретінде енді. Қазіргі уақытта аралда сол батареядан қалған екі 6 дюймдік зеңбірек сақталған.
- Алфавит бойынша аралдар
- Harv and Sfn no-target errors
- Аустралия аралдары
- Үнді мұхиты аралдары
- Кокос аралдары
