Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Абай әні» — толық метражды көркем фильм. 1945 ж. Алматы көркем және хроник, фильмдер студиясы шығарған. «Абай әні» фильмі республика киноөндірісі базасында жас

Абай әндері

  • Басты бет
  • Абай әндері

«Абай әні» — толық метражды көркем фильм. 1945 ж. Алматы көркем және хроник, фильмдер студиясы шығарған. «Абай әні» фильмі республика киноөндірісі базасында жасалған алғашқы фильм.

Абай әндері
Песни Абая
Фильмнің постері
Жанры

драма

Режиссёрі

Григорий Рошаль, Ефим Арон

Сценарийдің авторы

Мұхтар Әуезов

Басты рөлдерде

Қалыбек Қуанышбаев

Операторы

Галина Пышкова

Композиторы

Латиф Хамиди

Кинокомпания

Қазақфильм

Мемлекет

 КСРО

Тілі

орыс

Шыққан жылы

1945

Мазмұны

Сюжет

Фильмде Абай адал махаббаттың арашашысы ретінде көрінеді. Өзінің сүйгенін, көрші ауылдың жесірін ұрлап әкеліп үйленіп, Айдар ата салтын бұзады. Абай ақсақалдар кеңесінде өз махаббаты үшін ата дәстүрін бұзуға мәжбүр болған Айдар әрекетін ақтап шығады. Халық махаббатына бөленген Абайдың достары көп. Бірақ дұшпандары да аз емес. Ерден бай мен діндар Шәріп Абайды халықпен араздастырып қоюға әрекет жасайды. Мақсатына жете алмаған Шәріп ақыры у беріп, Абайды өлтіріп тынады.

Рөлдерде

  • Абай — Қалыбек Қуанышбаев
  • Айдар — Қапан Бадыров
  • Баймағамбет — Серке Қожамқұлов
  • Ерден — Елубай Өмірзақов
  • Шәріп — Шәкен Айманов
  • Әбіш — Жағда Оғызбаев
  • Көкбай — Сейфолла Телғараев
  • Оспанов — Камал Қармысов
  • Зейнеп — Рахия Қойшыбаева
  • Нифонт Долгополов — Олег Жаков
  • Нарымбет — Марат Сыздықов
  • Ажар — Әмина Өмірзақова
  • Мағиш — Шолпан Жандарбекова

Критика

«Абай әні» фильмі кинематогр. мазмұнына қарағанда кино-спектакльге жақын. Тұтастай алғанда кинокартинаның стильдік шешімі, режиссурасы, актерлер ойындары театр өнерімен үндес.

Сілтемелер

  • Абай әндері фильміне сілтеме
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Италиян тілі

  • Наурыз 13, 2026

    Байқоңыр (ғарыш айлағы)

  • Наурыз 23, 2026

    Тері

  • Мамыр 01, 2026

    Бала Терісаққан

  • Сәуір 03, 2026

    Дүние бөліктері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары