| Айдаһар үйі House of the Dragon | |
| Жанры | шытырман оқиғалы фэнтези драма |
|---|---|
| Идея авторы | Райан Кондал Джордж Р. Р. Мартин |
| Бастапқы тақырып | Game of Thrones Theme |
| Композиторы | Рамин Джавади |
| Мемлекет | |
| Тілі | ағылшын тілі |
| Маусымдар саны | 3 |
| Сериялар саны | 26 |
| Өндіріс | |
| Атқарушы продюсері | Мигель Сапочник Райан Кондал Джордж Р. Р. Мартин Рон Шмидт Жослин Диас Сара Хесс Винс Джерардис Алан Тейлор |
| Операторы | Фабиан Вагнер Пепе Авила дель Пино Алехандро Мартинес Кэтрин Голдшмидт |
| Серия ұзақтығы | 54–70 минут |
| Хабар тарату | |
| Телеарна | HBO |
| Бейне форматы | 4K HDR |
| Дыбыс форматы | Dolby Atmos |
| Таратылым кезеңі | 21 тамыз 2022 жыл |
| Хронология | |
| Байланысы бар шоу | Тақтар таласы |
| Сілтемелер | |
| IMDb | ID 11198330 |
| Ресми сайты | |
| өңдеу | |
«Айдаһар үйі» (ағылш. House of the Dragon) — Джордж Р. Р. Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдарға негізделіп түсірілген екінші телесериал. Онда «Тақтар таласындағы» оқиғалардан екі ғасыр бұрын болған Жеті патшалықтағы күрделі қарым-қатынастар жайында баяндалады.
HBO арнасы сериал бойынша жұмыстардың басталғанын 2019 жылдың күзінде растады. Он сериядан тұратын алғашқы маусымының тұсаукесері 2022 жылы 21 тамызда өтті.
Алғашқы серияны 10 миллионға жуық көрермен көрді. Бұл арна үшін рекордтық көрсеткіш болды.
Сериал идеясы
Сериал Таргариен әулетінің екі тармағының арасындағы билік үшін күрестен туындаған азамат соғысы жайында баяндайды. Ойдан шығарылған Вестерос құрлығының хроникасына ол «Айдаһарлар биі» деген атаумен кірді және I Эйегонның басқыншылығынан 129-131 жыл кейін болған деп қарастырылады. «Айдаһарлар биі» патша I Висерис қайтыс болғаннан кейін басталды, оның үлкен қызы ханшайым Рейенира және екінші некесінен туған ұлы II Эйегон Таргариен бір уақытта Темір тағына құқықтарын жариялады. Бұл қақтығыстың тарихи прототипі король I Генридің жиені Стефан мен I Генридің қызы Матильда арасындағы ағылшын тағы үшін соғыс (1135-1154) болды.
Сценарийдің әдеби негізін Джордж Мартиннің «От пен қан» кітабы құрайды. Ол ойдан шығарылған тарихшының жүргізген шежірелері жанрында жазылған. Көрермендерге оқиғаны түсінікті ету мақсатында, шоудың авторлары кітап оқиғаларын хронологиялық тәртіппен объективті шындық ретінде көрсетуді жөн көрді.
Джордж Р. Р. Мартин 2022 жылдың тамызында «History of Westeros» подкасына берген сұхбатында айтқандай:
Біз бастапқыда сериал тұжырымдамасын талқылаған кезде, әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырдық. Арасында "Расёмондағыдай" нұсқа да болды, яғни бір оқиғаны бірнеше көзқарастан көрсететіндей қылу. Кадрға кірмейтін баяндаушыны, мысалы архимейстер Гильдейнді, енгізуге болатын еді. Ол менің сүйікті ескі "Мен, Клавдий" сериялындағы Клавдий сияқты әр эпизодта оқиғалардың қандай дереккөздерге сүйене отырып көрсетілгенін түсіндірер еді. Алайда, өкінішке орай, Клавдий әдісі қазір ешкімге ұнамайды.
Жаңа сериалдың сюжетін «Тақтар ойынымен» байланыстыру үшін сценарийшілер болашақтағы Ақ жүргіншілердің басқыншылығы туралы I Эйегонның көрген түсі қосымша идеясын қосты.
Эпизодтары
Сезон 1 (2022)
| № | Эпизод атауы | Режиссёр | Сценарист | Тұсаукесері |
|---|---|---|---|---|
Сезон 2 (2024)
| № | Эпизод атауы | Режиссёрі | Сценаристері | Тұсаукесері |
|---|---|---|---|---|
Сезон 3 (2026)
| № | Эпизод атауы | Режиссёрі | Сценаристері | Тұсаукесері |
|---|---|---|---|---|
- Алфавит бойынша телесериалдар
- АҚШ телесериалдары
- 2022 жылы шыққан АҚШ телесериалдары
- HBO телебағдарламалары