Ақжігіт — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
| Ауыл | |
| Ақжігіт | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық әкімдігі | Ақжігіт |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 45°02′22″ с. е. 55°45′13″ ш. б. / 45.03944° с. е. 55.75361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°02′22″ с. е. 55°45′13″ ш. б. / 45.03944° с. е. 55.75361° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Климаты | Континентті |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼2025 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +7 72932 |
| Автомобиль коды | 12 |
Ақжігіт шекарасы | |
Географиясы
Аудан орталығы Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км жерде орналасқан. Ауыл оңтүстігінде бұталы тоғай шоғырлары өседі.
Тарихы
Ауыл 1969–1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін КСРО-ға 60 жыл атындағы кеңшардың орталығы болып келді.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|
| 2496 | ▲2556 | ▼2025 |
Инфрақұрылымы
«Сам» орман шаруашылығы және өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын мекеме, «Бейнеугаз» ЖШС-нің бөлімшесі, Бейнеу электрмен қамту жүйесінің бөлімшесі, темір жол станциясы мен мекемесі бөлімшелері жұмыс істейді. Ауылда 2 мектеп, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, кітапхана, мұражай, мәдениет үйі, пошта, телефон станциясы, телехабар тарату орталығы бар. Ауыл жанында шекарашылар заставасы орналасқан.
Ауылдық округтегі жеке және шаруа қожалықтарындағы мал басы саны: қой мен ешкі – 26 020 бас, жылқы – 2 296 бас, түйе – 3 581 бас, сиыр – 400 басқа тең. Кеңшар негізінде Ақжігітте 19 шаруа қожалығы жұмыс істеуде.


