Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

44°54′12″ с. е. 78°29′42″ ш. б. / 44.90333° с. е. 78.49500° ш. б. / 44.90333; 78.49500 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°54′12″ с. е. 78°29′42″ ш. б. / 44.90333° с. е

Ескелді ауданы

  • Басты бет
  • Ескелді ауданы

Ескелді ауданы — Жетісу облысындағы әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылы.

Қазақстан ауданы
Ескелді ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Қарабұлақ

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

33

Әкімі

Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, №67

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°54′12″ с. е. 78°29′42″ ш. б. / 44.90333° с. е. 78.49500° ш. б. / 44.90333; 78.49500 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°54′12″ с. е. 78°29′42″ ш. б. / 44.90333° с. е. 78.49500° ш. б. / 44.90333; 78.49500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

4,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

52 368 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (74,54%), орыстар (20,51%), украиндар (0,18%), немістер (1,09%), шешендер (0,39%), корейлер (1,00%), поляктар (0,06%), татарлар (1,49%), ұйғырлар (0,24%), басқалары (0,27%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040500-040520

Автомобиль коды

19

Ескелді ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Ескелді ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Ақсу ауданымен, батысында Қаратал, Көксу аудандарымен және Талдықорған қаласымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен шектеседі.

Ескелді ауданының жері негізінен Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тау аралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) орналасқан. Батысы – Көксу, Қаратал өзендері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мұнда аласа таулар (Дауылбай тауы, 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қараой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзендерінің Құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, әктас кендері барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң (батысында). Жазық өңірдегі қаңтардың орташа температурасы –8 – 11°С. Шілденің орташа температурасы жазық жерінде 23°С-тан, таулы өңірде 18°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 250 – 350 мм, тауда 800 – 1000 мм. Шөлейтті дала белдеміне тән жазық бөлігінің топырағы сортаң, құмдақ сұр және қоңыр келеді, таулы өңірінің топырағы қоңыр, қызыл қоңыр, шалғынды қара. Өсімдіктерден жусан, сұлыбас, сүттіген, бетеге, қызыл мия, тал, шырғанақ, ырғай, долана, алма ағашы, қайың, шырша, қарағай өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, барыс, борсық, таутеке, арқар, марал, қырғауыл, кекілік, сарышұнақ, аламан, т.б. мекендейді. Таулы өңірінде «Жетісу аяқты балығы» мемлекеттік қорықшасы (4,8 мың га) орналасқан.

Шаруашылығы

Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акционерлік қоғамы. Ескелді би ауданының ауыл шаруашылығына жарамды жері 580,4 мың га (2006). Оның 51,4 мың га жері жыртылған, шабындық 16,4 мың га, жайылымдар 506,7 мың га жерді құрайды. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 44168 ▲44911 ▲61855 ▲67573 ▼61932 ▼48548 ▲50082 ▲52362

Тұрғындар саны – 46631 (2019).

  • ұлттық құрамы: қазақтар (74,54%), орыстар (20,51%), украиндар (0,18%), немістер (1,09%), шешендер (0,39%), корейлер (1,00%), поляктар (0,06%), татарлар (1,49%), ұйғырлар (0,24%), басқалары (0,27%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 33 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақын Сара ауылдық округі 2146 ▼1885 87,8 1080 ▼960 88,9 1066 ▼925 86,8
Алдабергенов ауылдық округі 4903 ▼4862 99,2 2393 ▲2407 100,6 2510 ▼2455 97,8
Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округі 8257 ▲8312 100,7 4002 ▲4140 103,4 4255 ▼4172 98
Жалғызағаш ауылдық округі 1354 ▼1316 97,2 682 ▲686 100,6 672 ▼630 93,8
Көкжазық ауылдық округі 1973 ▼1952 98,9 998 ▲1003 100,5 975 ▼ 949 97,3
Қайнарлы ауылдық округі 1290 ▲1302 100,9 682 ▲703 103,1 608 ▼599 98,5
Қарабұлақ ауылдық округі 21767 ▲25572 117,5 10462 ▲12609 120,5 11305 ▲12963 114,7
Қаратал ауылдық округі 2521 ▼2243 89 1250 ▼1127 90,2 1271 ▼1116 87,8
Қоңыр ауылдық округі 1639 ▼1019 62,2 879 ▼569 64,7 760 ▼450 59,2
Сырымбет ауылдық округі 2059 ▼1781 86,5 1075 ▼934 86,9 984 ▼847 86,1
Төлеңгіт ауылдық округі 2173 ▼2118 97,5 1084 ▼1070 98,7 1089 ▼1048 96,2
ЖАЛПЫ САНЫ 50082 ▲52362 104,6 24587 ▲26208 106,6 25495 ▲26154 102,6
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Барболу (философия)

  • Наурыз 13, 2026

    Жасуша

  • Наурыз 20, 2026

    Тоталитаризм

  • Наурыз 27, 2026

    Қазақстан экономикасы

  • Наурыз 23, 2026

    Негіздер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары