Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Апеннин түбегі (итал. Penisola italiana – Итальян түбегі; сонымен қатар Penisola appenninica) — Жерорта теңізінің орта бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығ

Апеннин түбегі

  • Басты бет
  • Апеннин түбегі

Апеннин түбегі (итал. Penisola italiana – Итальян түбегі; сонымен қатар Penisola appenninica) — Жерорта теңізінің орта бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1100 км-ге созылып жатқан Оңтүстік Еуропадағы ірі түбектердің бірі.

Апеннин түбегі
Сипаттамасы
Ауданы149 000 км²
Ең биік нүктесі2914 м
Орналасуы
42° с. е. 14° ш. б. / 42° с. е. 14° ш. б. / 42; 14 (G) (O) (Я)Координаттар: 42° с. е. 14° ш. б. / 42° с. е. 14° ш. б. / 42; 14 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларТиррен теңізі, Адрия теңізі, Ион теңізі
Елдер Италия
 Сан-Марино
 Ватикан
Апеннин түбегі (Еуропа)
Апеннин түбегі
Апеннин түбегі (Италия)
Апеннин түбегі
Апеннин түбегі Ортаққорда

Жер бедері

Ауданы 149 мың км², ені 130-300 км. Орталық Еуропадан Альпі тауы арқылы бөлінеді. Батысында Тиррен, шығысында Адриат, оңтүстігінде Ион теңіздерімен қоршалған. Жағасы көп тілімделген. Жер бедері таулы. Түбектегі тауларды Апеннин таулары және франциялық, италиялық Ривер бөледі. Апеннин түбегінің көпшілігі, кайнозойлық қатпарлану кезінде қалыптасқан жанартаулық аймақ. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, газ және аллюминий кентастары өндіріледі.

Климаты

Климаты – субтропиктік жерортатеңіздік. Қыс айларының орташа температурасы 12°C, жазда орташа температура 28°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 1500 мм-ге дейін жетеді.

Ірі өзендері – Тибр, Арно, ірі көлдері – Траимек, Больсен. Таулы аудандарда етті-жүнді бағыттағы мал өсіріледі, жағалау маңында дәнді дақылдар, жүзім егіледі. Ірі қалалары — Неаполь, Рим, Ливорно, Флоренция. Апеннин түбегінде Италия, Ватикан, Сан-Марино, мемлекеттері орналасқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Ауыспалы мағына

  • Наурыз 21, 2026

    Атлант мұхиты

  • Наурыз 24, 2026

    Популяция

  • Наурыз 11, 2026

    Ескендір Зұлқарнайын

  • Наурыз 12, 2026

    Әбіш Кекілбайұлы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары