Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қыпшақ тілдері — түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері

Қыпшақ тілдері

  • Басты бет
  • Қыпшақ тілдері

Қыпшақ тілдері — түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері ) деп атайды. Қыпшақ тілдері орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан.

Қыпшақ тілдері тобы
Жоғрапиялық
таралуы:
Жаралу бойынша
тектестіруі:
Алтай тілдері (controversial)
 Түркі тілдері
  Қыпшақ тілдері тобы
Бөлікшелері:
Армян-қыпшақ†
Параба
Башқұрт
Қырымтатар тілі
Құман†
Қарашай-балқар
Қарайым
Қарақалпақ
Қазақ
Қыпшақ†
Қырымшақ
Құмық
Ноғай
Ежелгі татар†
Татар

Қыпшақ тілдерінің таралу аймағы

Мазмұны

Бөлікшелері

Географиясына және тілдің құрамына қарай қыпшақ тілдері келесі тармақтарға бөлінеді :

  • Батыс қыпшақ тілдері - құман, яғни қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық тілі, қырымтатар тілі, армян-қыпшақ тілі, ұрым тілі;
  • Қыпшақ-бұлғар тілдері - башқұрт тілі, татар тілі;
  • Қыпшақ-ноғай тілдері - добруджа татар тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, ноғай тілі.
  • Қырғыз-қыпшақ тілдері - алтай тілі, қырғыз тілі.

Ерекшеліктер

Қыпшақ тілдері тобына басқа түркі тілдерінен айырмашылығы:

  • дауыстылар саны 8 — 9 болады, ы, і, у, ү ерекше дыбыстары қолданылады;
  • ерін үндестігі сирек кездеседі (құлұн — құлын);
  • созылыңқы дауыстылары жоқ; в) ғ, г дыбыстары мүлдем айтылмайды не у, й дыбыстарымен алмасады. (тағ>тау);
  • сөз басында ұяң б, қатаң т, к, қ дыбыстары болады (болат, тіл — полат, діл);
  • б дыбысының орнына м қолданылады (бен — мен);
  • сөз басында й ~ ж ~ ж (дж) дыбыстары тұрақсыз келеді (йол — жол (джол);
  • кейбір қатаң дыбыстар ұяң айтылады: п>б, қ>ғ, к>г дауыстылар арасында спирант дыбыстарға айналады: п>у; б>у; қ>ғ; к>г.

Көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі (Қыпшақ жазба ескерткіштері)

Көне қыпшақ тілі Қимақтар мемлекеті тұсында туындап (9 — 11 ғасырлар), қазіргі тілдердің негізі болған. Моңғолдар үстемдігі тұсында ол тілде сөйлейтін ру-тайпалар ыдырады, Алтын Орда кезінде (13 — 15 ғасырлар) әдеби, ресми тіл ретінде қолданылып, кейін тұтастығынан тағы да айрылды. Сөйтіп, қазіргі Қыпшақ Тілі Тармағы пайда болды. Қыпшақ тілі Осман түріктері тілінің диалектілеріне айналған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Страсбург университеті

  • Сәуір 02, 2026

    Әзірет Сұлтан

  • Сәуір 04, 2026

    Британ аралдары

  • Сәуір 03, 2026

    Мемлекеттік билік

  • Сәуір 03, 2026

    Жұлдызды түн

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары